Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37

Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысы Қаражал қаласында жеке тұрғын үйде өрт шығып, бір адам зардап шекті. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері ер адамды жанып жатқан үйден алып шығып, үлкен жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды

Фото: Ашық дереккөз

Оқиға Қаражал қаласындағы Шайхин көшесінің бойында орналасқан жеке тұрғын үйде болған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде өртеніп жатқан үйден 1971 жылы туған ер адам құтқарылды.

«Құтқарушылар ер адамды сыртқа шығарды. Ол түтінге улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды»,  деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар ТЖМ қызметкерлері үй ішінен сыйымдылығы 27 литрлік 6 газ баллонын сыртқа шығарып үлгерген. Осылайша, құтқарушылар ықтимал жарылыстың және одан да ауыр зардаптардың алдын алды.

Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды

Тілсіз жау 10 шаршы метр аумақта толық ауыздықталды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін «Қазцинк» аумағындағы жарылыс салдарынан төрт зардап шегуші ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар