Фото: Ашық дереккөз
Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, белгісіз ер адам қоршаудан асып түсіп, ұшу-қону жолағына шығып кеткен. Содан бірнеше минут өткен соң, екпін ала бастаған ұшақ оны қағып кетті. Қаза тапқан адамның жеке басы әлі анықталған жоқ. Билік өкілдері оның әуежай қызметкері еместігін айтып отыр.
АҚШ Көлік министрі Шон Даффи бұл әрекеттің қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу екенін мәлімдеді.
Ұшақ бортында барлығы 231 адам (224 жолаушы және 7 экипаж мүшесі) болған. Соқтығысудан кейін экипаж қозғалтқыштардың бірінен өрт шыққаны туралы сигнал алып, ұшақты шұғыл тоқтатқан. Жолаушылар эвакуацияланып, салон ішінде түтін пайда болған.
Әуе компаниясының хабарлауынша, эвакуация кезінде 12 адам жеңіл жарақат алған.
Қазіргі уақытта Денвер полициясы мен АҚШ-тың Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңесі тергеу жүргізіп жатыр. Мамандар әуежай қоршауларын тексеріп, бөтен адамның стратегиялық нысанға қалай кіріп кеткенін анықтауға кіріскен.