Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2017

Маңғыстауда екі қолынан айырылған 11 жасар  Балғынбектің отбасына пәтер берілді

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл қайғылы оқиға осыдан екі жыл бұрын Бейнеу ауданында орын алған болатын. Ауылдағы трансформатрдың айналасында ойнап жүрген 11 жасар Балғынбек тоққа түсіп, екі қолынан айырылды.  Ауыр жарақаттың салдарынан дәрігерлер жарамсыз болып қалған екі қолын кесіп тастауға мәжбүр болды.

Маңғыстауда екі қолынан айырылған 11 жасар  Балғынбектің отбасына пәтер берілді

Содан бері  материалдық, баланы емдету үшін қаржылай қиындықтарға кезіккен отбасыға Ақтау қаласынан екі бөлмелі пәтер кілті табысталды.

Балғынбектің жанұясында барлығы 8 бала бар. Осыған дейін Бейнеу ауданында апаттық үйде тұрған көп балалы отбасында жуырда ғана үшем дүниеге келді.

Балғынбектің ем алуы үшін әкесі Балғазы Серікбаев Ақтау қаласына пәтер жалдап, уақытша тұруға мәжбүр болған.   Енді Балғынбектің тезірек жасанды қол салып, қатарға қосылуын қалайтын ол қаражат жинауға көмектескен халыққа, пәтер берген облыс басшылығына  алғысын айтты. Олардың қуанышын бөлісіп, құттықтауға арнайы Олимпиада жүлдегері Әділбек Ниязымбетов те келді.

Балғынбектің ата-анасы мен туыстары ұлының қолына протез салуға қол ұшын созуға қайырымды жандардан көмек сұрап, еміне қажетті қаражат жинады.  2018 жылдың қаңтар айында Ресейдің дәрігерлері Балғынбекке жасанды қол орнатпақ. Енді қатарға қосылып, өз қажеттілігін өзі жасай алатындай дәрежеге жетсе, оқуын Ақтауда жалғастырады» деп үміттенуде.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

 «Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы