Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2017

Солтүстік Қазақстанда мұғалімдері Кембридж университетінің сертификатын алды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірде ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктіліктерін артыру  педагогикалық шеберлік орталығының филиалында  103 ұстаз кәсіби  білімдерін жетілдіруде. 

Солтүстік Қазақстанда мұғалімдері Кембридж университетінің сертификатын алды

Олардың арасынан  үздік деп танылғандарға Ұлыбританиядағы Кембрижд университінің халықаралық сертификаты табысталды. Құжатқа ие болатын жерлестеріміз 2 ай бойы Тілдік мектептер консорциумының қызметкерлерінен дәріс алған.  Тәжірибелі мамандар "Clil" әдістемесі бойынша  шет тілінің қыр-сырын тереңдетіп үйретті.

"Clil" әдістемесі арқылы ұстаздар мектеп пәндерінің бірқатарын ағылшын тілінде жүргізуді меңгерді. Енді жинақтаған білімдері арқылы балаларды шет тілінде оқытатын физика, химия, биология пәні мұғалімдеріне көмек көрсетіп, нұсқау бере алады. Сертификаттарды алар алдында емтихан тапсырды», деді педагогикалық шеберлік орталығының дирекоры Ольга Тушинская.  

Халықаралық сертификатты 11 ағылшын тілі мұғалімі  ие болды.

Солардың бірі– облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының ағылшын тілі мұғалімі Сәуле Смаилова.  12 жылдык еңбек өтілі бар маман емтиханды 4-тік бағаға тапсырыпты. Білікті ұстаз курста алған білімін оқушылардың бойына сіңіруге дайын.

Тілдік мектептер консорциумы келері жылы да теріскейлік ағылшын тілі пәні мұғалімдерін оқытуға әзір. Курсқа қабылдау жоспар бойынша қыркүйек айында басталады.

 Өмір Есқали.

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар

Аймақ ажарланып қалды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:50

Мал өсірсең, қой өсір...

Шаруашылық • Бүгін, 08:48

Заң уақыт сұранысына сай

Қоғам • Бүгін, 08:45