– «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жобасы туралы айтып берсеңіз? Қандай негізгі аумақтарды бөліп қарауға болады, олар қандай мақсатта пайдалануға арналған?
– «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылы 29 қарашадағы Жарлығымен құрылды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүзеге асырып жатқан «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жобасы Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамытуға қуатты серпін береді және Жаңа Жібек жолының экономикалық белдеуін толық қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА бірінші кезекте, Кеден одағы елдері үшін және одан әрі Еуропа, ҚХР, Орталық Азия, Түркия және Парсы шығанағы елдерінің нарығына экспорт жасалатын перспективалы дистрибуциялық орталық ретінде қарастырылады.
Жобаның жалпы алаңы 4591,5 га. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА құрамына: құрғақ порт (129,8 га); логистикалық аймақ (224,9 га); индустриялық аймақ (224,4 га); резервтік аймақ 4 012,4 га кіреді.
«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА негізгі элементі тауарды тар табанды темір жол желісінен кең желідегі вагондарға және автокөліктерге тиеуге арналған құрамына бірнеше терминалдар кіретін құрғақ порт болып табылады. Құрғақ порт бажсыз аумақ шегінде орналасқан және жекелеген 5 операторға қызмет көрсететін қуаты бар. Құрғақ порт 129,8 га алаңға орналасқан, мұнда 6 тармақ темір жол төселген, оның ішінде 3-еуі қытайлық енсіз және үшеуі қазақстандық кең жол. Ол операциялық рәсімдер тұрғысынан, жұмыс орындарын және терминалдарды бағдарламалық қамтамасыз ету жағынан құрғақ порттардың халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.
Құрғақ порттың операторы «KTZE-KhorgosGateway» ЖШС болып табылады. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания» АҚ «Бір белдеу – бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы аясында COSCO Shipping корпорациясымен және Ляньюнган порты компанияларының тобымен «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын (АЭА) бірлесіп дамыту туралы инвестициялық келісімге қол қойған. Қытайлық инвесторлар құрғақ порт операторына қатысу үлесінің 49% сатып алуды бірлесіп жүзеге асырды.
Индустриялық аумақ нақты бір өндіріс және қызметтер ұсыну саласында маманданған инвесторларды тартуға қатысады. Мәселен, өндірістік процесте қосымша құны жоғары өнімді өндіретін компаниялар үшін индустриялық аймақ тартымды. Мұндай өнімді түпкі тұтынушылар индустриялық аймақта болады. Бірқатар салалардағы соңғы пайдаланушылар индустриялық аймақта, жеңіл өнеркәсіп аумақтарында орналасады. Сонымен қатар бұл сала өндіріске, тауарларды қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде сақтайтын ғимараттарға қызмет көрсететін болады. Бұл индустриялық аймақ бір бағыттағы объектілерді жинауға лайықты арнайы облысты қалыптастырады деп күтілуде.
Логистикалық аумағы көп функциялы қоймалық ғимараттар кешендері, тауарларды сұрыптау және сақтау объектілері ретінде құрылыс және осындай жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Болжам бойынша, логистикалық қызмет көрсетуге деген сұраныс сауда ағынының өсуіне, сондай-ақ өнеркәсіп қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тәуелсіз логистикалық саланың дамуына негізделген.
– Бұл жобаның Қазақстандағы басқа АЭА-дан қандай айырмашылықтары мен артықшылықтары бар?
– «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА логистикалық АЭА болып табылады. Логистикалық АЭА – бұл Қазақстан аумағында құрылған, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіне іргелес орналасқан арнайы экономикалық аймақ. Өткізу пункті автомобиль көлігі үшін немесе қазіргідей жағдайда, «Алтынкөл» темір жол стансасындағыдай өткізу пункті болуы мүмкін.
Бірінші айырмашылық мынада, логистикалық АЭА аумағына әкелінетін тауарлар еркін кедендік аймақтың рәсіміне кедендік декларациялаусыз орналастырылады. Бұл ретте мүдделі тұлғаның тауарларды түсіруге және қайта тиеуге, сондай-ақ тауарды басқа көлік құралына жеткізген көлік құралына жұмсалатын, кедендік декларациялауға байланысты қосымша шығындарды төлемеу мүмкіндігі пайда болады. Екінші бір ерекшелігі, еркін кедендік аймақтың кедендік ресімдеуге орналастыратын ғимаратын алу үшін логистикалық АЭА резидентімен тауарларды қоймада жинау және сақтауға байланысты жүк операцияларына қызмет көрсету туралы шарт жасаса жеткілікті.
«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның қазақстандық басқа АЭА-дан артықшылықтары – бұл Қытайға, яғни әлемдегі ең ірі тауар жеткізушіге және тұтынушыға тікелей жақындығы. кәсіпорынды стратегиялық жағынан тиімді, шекараға жақын жерге орналастыра отырып АЭА қатысушылары мультимодальдық логистиканы, сондай-ақ дайын инфрақұрылымы бар жер теліміне мүлдем тегін қол жеткізуге мүмкіндік алады. Тағы да бір маңызды артықшылығы болып табылатын жағы, қолданыстағы құрғақ порттың әлеуеті мен «бір терезе» принципі бойынша қажетті қызметтерін пайдалана алады.
– Жобаға кімдер қатыса алады және ол үшін не қажет?
Жобаға «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағының шегінде негізгі жұмыстарын жүзеге асыруы тиіс резидент ретінде де, резидент емес болып та тек заңды тұлға қатысушы бола алады. Егер заңды тұлға Қазақстан Республикасының резиденті емес және салық төлеуші ретінде Қазақстан Республикасында тіркелмеген жағдайда, құжаттарын өткізген кезде Қазақстан Республикасы салық органдары тарапынан салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өткені туралы сертификаттың көшірмесі болуы тиіс. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушінің техникалық-экономикалық негіздеуге сәйкес көлемде қаржысы болуы тиіс.
– «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның қазіргі жағдайы қалай?
– Қазіргі кезде Қоғам АЭА-ны дамыту бойынша негізгі екі бағытта белсенді жұмыс істеуде – жобаға инвестициялар тарту және оны бағыттау, сондай-ақ енгізу, АЭА-ны басқару бойынша бірқатар ақпараттық жүйелерді енгізу және әлемдік логистикалық желіні интеграциялау. Бүгінгі күні бірыңғай тізімге 78 қатысушы тіркелді, оның 14-і осы жобаларды әртүрлі сатыларда іске асырумен айналысады. Атап айтқанда, АЭА-ға қатысушылар «ЗАРЯ ЛТД» ЖШС мен «Феникс Фид Миллс» ЖШС құрғақ портта «Дәнді дақылдарды сақтайтын элеватор салу» және «Элеватор мен құрамажем өндіру зауытын салу» жобаларын жүзеге асыруда.
Логистикалық аумаққа зәкірлік инвестор – «PBP CAPITAL LTD» компаниясы (Дубай, БАӘ) тартылды. Аталған компания коммерциялық, қойма және индустриялық жылжымайтын мүліктің халықаралық толық циклді девелопері болып табылады. Жобаларды іске асырудың халықаралық дәрежедегі тәжірибесі 15 жылдан асады. Іске асырылған жобалардың жалпы көлемі 870,000м2. Мәмілелер көлемі 4 млрд $ «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның логистикалық аумағында премиум класты қойма кешендерін инвестициялау жоспарланған. Индустриялық аймақта повидло және джем өндіру, консервіленген көкөністер өндірісі, жеміс пюресін өндіру бойынша жобалары басталды. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2018 жылдың мамыр айы.
– «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да қазіргі кезде қандай ақпараттық жүйелер қолданылады?
– Қазақстанда транзит өткізуге арналған жеке дәлізден басқа, логистиканың табысты дамуы ақпараттық қамтамасыз етуді және инфрақұрылымды дамытуды талап етеді. Ірі әлемдік операторлар - Dubai Port World немесе DP World компанияларының кеңестері арқасында «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да басқарушы компаниялар, мемлекеттік органдар, резиденттер мен АЭА клиенттерінің өзара іс-қимылдарын үйлестіретін көп функция-
лы ақпараттық «НОМАД» платформасы құрылады.
DP World компаниясы тарапынан консалтинг пайдасына таңдау жасау кездейсоқ емес. 2011 жылғы жағдай бойынша, лондондық Drewry Shipping Consultants консалтингтік компаниясының есебіне сәйкес, Dubai Port World компаниясы әлемдегі ірі порттық оператор болып шықты. Географиялық жағынан әртараптандырылған ең ірі порт операторларының бірі болып табылатын DP World әлемдік нарық үлесінің 6,7%-на ие. Сондай-ақ компания әлемнің 40 еліндегі 77 теңіз және ішкі терминалдарлы ұстап отыр. DP World БАӘ үкіметіне тиесілі әлемдік ірі инвестор және девелопер Dubai World компаниясының басқаруында.
«НОМАД» – АЭА-ның бизнес-процестерге ұтымды ықпал ететін «электронды бейнесі». Осы платформада логистикалық процеске барлық қатысушылар өзара байланысып, жұмыс істей алады. Бүгінде Қазақстанда мұндай ортақ платформа жоқ, тек жекелеген кішігірім жүйелер жұмыс істейді. Қазіргі заманауи IT-шешімдердің арқасында «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында трансшекаралық көліктерді ресімдеуді жеңілдететін және жеделдететін «бір терезе» механизмі жұмыс істейді. Бұл транзитке, тауарларды трансшекаралық өткізуге, көлік құралдарына қатысты процестерді ақпараттық технологиялармен жабдықтауға бағытталған алғашқы қадам.
«Номад» бірыңғай басқару ақпараттық жүйесін (ББАЖ) құру шеңберінде онлайн қызмет көрсету жүйесі және «Мониторингтік орталық» жүйесі бар Жағдайды бақылау орталығы қазіргі таңда табысты жұмыс істеуде. АЭА периметрінің сыртындағы интеллектуалды бейнебақылау технологиясы АЭА периметрі бойынша орналасқан 96 камераларға қызмет көрсететін операторлар санын бір адамға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. «Мониторинг орталығы» кіші жүйесінде АЭА аумағына тауарларды орналастыру мәселесіне қатысты жұмыстарға қатысатын мемлекеттік қызметкерлерге арналған автоматтандырылған жұмыс орындары пайда болды. АЭА «Білім базасы» онлайн түрінде барлық қатысушылары үшін қажетті ақпараттық қызмет көрсететін «бір терезе» кіші жүйесі іске қосылған.
АЭА басқарушы компанияның веб-сайтына және АЭА электронды құжат айналымы кіші жүйесіне интеграциялау жүргізілді. АЭА қатысушыларының және инвесторлардың өтініштерін өңдеудің бизнес-процестер әзірленді. «Автоматтандырылған БӨП» кіші жүйесі жасалды, ол АЭА БӨП өту уақытын 10 минуттан 30 секундқа дейін азайтуға мүмкіндік береді, бұл ретте орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу кеден заңнамасының талаптары аясында толықтай автоматтандыру қамтамасыз етілді. Мәтіндік және бейне, фото контентпен 3D виртуалды туры құрылды. 3D туры «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жобасының әлемдік қоғамдастықта танымалдығын арттыру және Интернет желісіне жалғанған кез келген құрылғыдан қолжетімді Google Maps платформасына енгізу үшін жасалды. Сондай-ақ 3D тур АЭА компания басқарушысының веб-порталына жалғанған 3D турының рөлі – қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен мүдделі тұлғаларға, атап айтқанда, инвесторларға беделді платформалар базасы арқылы АЭА жобасы туралы нақты фото және бейнеақпараттарды жеткізу.
– «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның даму болашағы қандай?
– «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы тиісті экономикалық инфрақұрылымы және тұрғын аймағы бар, жоғары деңгейдегі логистикалық және өнеркәсіптік орталық жасау үшін өзінің Кеден одағы ішінде ұтымды орналасқанын және Қытаймен шекаралас тұрған артықшылықтарын тиімді пайдаланады. АЭА жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасы өнімділігінің өсуін ілгерілететін ірі механизм, ал ұзақ мерзімді перспективада экономиканы әртараптандыру арқылы жаңа өнеркәсіптік кластерлерді қорғау және жұмыс күшінің біліктілігін арттыруға қомақты үлес қосатын болады.
Мемлекеттің қолдауымен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА даму жоспарын табысты жүзеге асырған жағдайда мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасының және Қытайдың «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасы аясында «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА анықтаушы рөл атқарады, Қазақстанды Қытай, Кеден одағы және Батыс Еуропа елдерінің ірі сауда әріптесіне айналдырады. Қазақстан экономикасына экономикалық өсу және қосымша құндылықтар бере отырып «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жаңа салаларды дамыту және мұнай-газ түсіміне тәуелділікті қысқарту арқылы неғұрлым әртараптандырылған, теңдестірілген және икемді экономиканы құруға ықпал етеді. Тұрғын үй және қоғамдық инфрақұрылымы бар тұрақты жаңа экономикалық орталықты қалыптастыру есебінен, кәсіби тренингтер мен даму бағдарламаларын негізге ала отырып жергілікті және шетелдік қызметкерлерден икемді және білікті жұмыс күші құрылатын болады.
Келешектегі жоспарлар туралы айтатын болсақ, мемлекеттік және жеке мүдделі тараптар арасындағы порттар қоғамдастығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында интеллектуалды және қауіпсіз ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін PCS (Port Community System) жүйесі – электронды платформасын қолданысқа енгізудің маңыздылығын, сондай-ақ өз аумағында кедендік жеңілдіктер жасауға мүмкіндігі бар, халықаралық мәртебесін алғаннан кейін АЭА-ның субаумағы болуы тиіс әуежай құрылысы жоспарланғанын айта кету керек.
Әңгімелескен
Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»