«Giessenhaus» ЖШС – «Үздік инновациялық жоба» сыйлығы.
«Қазфосфат» ЖШС – «Сапа көшбасшысы» сыйлығы.
«Recycling Company» ЖШС – «Үздік инновациялық жоба» сыйлығы.
«Абзал және Компания» толық серіктестігі – «Үздік азық-түлік тауарларын және ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын кәсіпорын» сыйлығы.
«Рауан Налко» ЖШС – ірі кәсіпкерлік субъектілер арасындағы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымының жеңімпазы.
«Каскор-Машзавод» АҚ – орта кәсіпкерлік субъектілер арасындағы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымының жеңімпазы.
«AVAGRO» ЖШС – шағын кәсіпкерлік субъектілер арасындағы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымының жеңімпазы.
«Алматы өнімдері» ЖШС – ірі кәсіпкерлік субъектілер арасындағы «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымының жеңімпазы.
«Жаркент крахмал зауыты» ЖШС – орта кәсіпкерлік субъектілер арасындағы «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымының жеңімпазы.
«Planta» ЖШС – шағын кәсіпкерлік субъектілер арасындағы «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымының жеңімпазы.
«Медикер-өндірістік медицина» ЖШС – ірі кәсіпкерлік субъектілер арасындағы «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымының жеңімпазы.
«Дефектоскопия» ЖШС – орта кәсіпкерлік субъектілер арасындағы «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымының жеңімпазы.
«Скулбас» ЖШС – шағын кәсіпкерлік субъектілер арасындағы «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымының жеңімпазы.
Қазақстанда 18 брендке тиесілі автокөлік құралдарының түрлі модельдері құрастырылады.
Қазақстанда құрастырылған автокөліктер Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және басқа елдерге экспортталады.
2017 жылдың соңында Ақмола облысында ТМД бойынша бағалы металдары бар техногендік минералды түзілістерді өңдейтін алғашқы алтын өндіру зауыты салына бастады.
Павлодар облысында алюминий өндірісі мен алюминийден автомобиль дискілерін шығаратын «Giessenhaus» ЖШС жұмыс істей бастады. Бұл жобаның қуаты жылына 36 мың тонна қоспалы алюминий шығаруға жеткілікті.
Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын кәсіпорындар ерекше қолдауға ие. 2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысында «Маслодел» ЖШС ашқан сүт зауыты мен Шығыс Қазақстандағы «Шығыс-Сүт» ЖШС-нің тұсауы кесілді. Әрқайсысы жылына 40 мың тонна сүт өнімдерін шығаруға қуатты зауыттарда 500-ге тарта адам жұмыс істейді.
Өткен жылы Қарағанды облысында ескі көліктерді өңдейтін зауыт ашылды. «Recycling Company» компаниясы жылына 50 автокөлік өңдейді, сол арқылы 20 мың тоннадан астам түсті және қара металл өндіріледі деп жоспарланған.
2017 жылы Маңғыстау облысының Құрық портының паромдық терминалы ашылды. Паромдық терминал арқылы жыл сайын 2 миллион тоннадан астам жүк тасымалданады, Түркия мен Еуропа елдеріне жаңа бағдарлар ашылады.
Алматыдағы «Инновациялық Технологиялар Паркінде» дербес кластерлік қордың «Цифрлы зертханасы» ашылды. Бұл жобаның артық-шылығы, мәліметтердің үлкен жиынтық қорына терең сараптама жүргізіп, өндіріс желілерін автоматтандыруды, оған цифрландыру технологияларын енгізуді көздейді. Негізінен жоба өндірістерге «Индустрия 4.0» элементтерін дамытуды басты нысанасына алған. Оның құны – 350 млн теңге.
Астанадағы Назарбаев университетінде робот-техника зертханасы ашылды. Сондай-ақ білім ордасының ғалымдары адам өмірін ұзартуға септігін тигізетін өнім шығарды.
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 15:20
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт құбылуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Бүгін, 14:10
Шымкентте екі қабатты мейрамхана өртке оранды
Шымкент • Бүгін, 13:33
Қазақстанда полиция күшейтілген режимге ауыстырылды
Заң • Бүгін, 12:51
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15