Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2017

Қазақстан мен Мажарстанның қарым-қатынасына биыл 25 жыл

576 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Мажарстанның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына биыл 25 жыл толды. 

Қазақстан мен Мажарстанның қарым-қатынасына биыл 25 жыл

Қос ел бүгінде сенімді серіктес, мызғымас дос, бауырдай тату. Венгрлер Қазақстанды өздерінің ата-жұрты санайды. XIII ғасырда 40 мың қыпшақ моңғолдардың шапқыншылығынан осы Венгрияға қоныс аударған. Бертінде жүргізілген генетикалық зерттеулер мажарлар мен қазақтардың бір-біріне бөтен емес екендігін дәлелдеді. Қос тарап осы туыстықты, ынтымақты одан әрі арттыруға ынталы.

Бірі Еуропаның, екіншісі Азияның алтын қақпасына айналған қос елдің тауар айналымы қарт құрлықтағы дағдарысқа қарамастан жыл өткен сайын артып келеді. Венгрияның бір ғана «MOL» компаниясы осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысына 200 млн.доллар инвестиция құйды. Жақында құрылған қазақ-венгр инвестициялық қоры енді Ақтөбе, Ақмола облыстарында ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландырады. Мажарлардың көлік инфрақұрылымын дамытудағы тәжірибесін игеру де бізге көптік етпейді. Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасы хабарлады.

Венгрияның геофизиктері, IT мамандары да әлемдегі ең үздіктердің қатарында. Сол мықтыларды дайындайтын жоғарғы оқу орындарында қазір 200 қазақстандық студент Мажар үкіметінің грантына тегін білім алып жатыр. Мажар жастары арасында да қазақ тілін үйреніп, Қазақстанда оқысам деушілер көп. Солардың бірі - Золтан Хусти.

Золтан қазақшаға әзір шорқақ. Енді үйреніп жүр. Есесіне, домбырамен қазақтың күйлерін күмбірлеткенде таңдай қақтырмай қоймайды. 

- Мен осы күйді тартып, Алматыда өткен өнерпаздар байқауында 3-ші орынды иемдендім. Қыпшақ екенімді, қазақтар бауырым екенін кішкентайымнан санама сіңіріп өскендіктен, ата-бабам сияқты домбырада ойнағым келді. Сөйтіп, ғаламтордан үйренуді бастадым. Сосын белгілі ғалым Иштван Қоңырдың жары Оңғайша Мандокидің қолдауымен Қазақстанға барып, кәсіби мамандардан біраз шеберлік сабағын алдым, - деді мажарлық өнерпаз Золтан Хусти.

«Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деп мақалдатқан Золтан қазір Құрманғазы, Дина мен Тәттімбеттің 5-6 күйін жатқа біледі. Астанадан су жаңа домбырасы жетсе, мектептегі мерекелік кеште өз өнерін көрсетеді. Қазақ тілін жетік меңгеріп, шертпе күйдің шебері болсам дейтін оқушы студенттік өмірін Қазақстанда өткізуді көздеп отыр. Тағы бір арманы - тектік тұтастығын сақтап, бауырлас халықтардың достығын нығайтуға үлес қосу.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20