Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2017

Семейде Полиция қызметкерлері балаларға жаңа жылдық кеш ұйымдастырды

526 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңа жыл ең алдымен, балалар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын көңілді және көптен күткен мереке. Ол жасыл шыршаның шамын жағып, балақандарға сыйлықтар үлестіруге келетін Аяз ата және Ақшақармен тығыз байланысты.

Семейде Полиция қызметкерлері балаларға жаңа жылдық кеш ұйымдастырды

– Өздерінің қарбалас жұмыстарына қарамастан, полиция қызметкерлері балаларға тамаша көңіл-күй сыйлауда, - деді Семей қалалық ІІБ мемлекеттік тілді дамыту және насихат бөлімінің бастығы Елубек Оспанов,-ертеңгілікке қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған қызметкерлердің балалары да шақырылып, оларға ерекше көңіл бөлінді. Жаңа жыл кешінде полиция қызметкерлері қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті күзететіндіктен, олардың балалары жаңа жылды ата-аналарынсыз қарсы алады. Мерекені ұйымдастырушылар балаларға ата-аналарының кәсіптерінің жауапкершілігі мен маңызылығын жеткізуге тырысты.

Осылайша ІІБ үлкен мәжіліс залы жаңа жыл мерекесіне сай әсем безендіріліп, сиқырлы әлемге айналды, ал ересектер балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін ертегі кейіпкерлерін сомдады. 

Жаңа жылдық ертеңгілікте арнайы сөз алған  Семей қалалық ІІБ бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Құлжабаев  балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Балалар ертегі кейіпкерлерін қуанышпен қарсы алды. Аяз ата мен Ақшақар балалармен бірге шыршаны айналып, ән шырқап, би биледі, әртүрлі сайыстар ұйымдастырылды. Балалар уақыттарын өте қызықты өткізіп, жаңа достар тауып, мереке қарсаңында қуаныш сезіміне бөленді. Іс-шара бойы  залда балалардың сыңғырлаған бақытты күлкілері естіліп, олар сыйқырлы, ғажайып әлемге енгендей болды.

Мереке соңында қызмет атқару кезінде қайтыс болған қызметкерлердің жұбайлары мен балалары осындай іс-шара ұйымдастырып, мейірбан көңілмен қам көңілдерін аулаған  полиция қызметкелеріне алғыстарын айтты. Осындай мерекелік іс-шара ІІБ аумақтық полиция бөлімдерінде де өтті.

Раушан Нұғманбекова,
Семей 
 

Суреттер автордыкі.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45