Қазақстан • 01 Қаңтар, 2018

Әбдуәли Қайдар, академик: Ел мерейленіп, жер көркейсін

797 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Уақыт диірменінің жанында өзіміздің соншалықты әлсіз екенімізді жылды ескір­тіп, шығарып саларда сезінеміз. 

Әбдуәли Қайдар, академик: Ел мерейленіп, жер көркейсін

Күн көзіне тіктеп қарай алмайтынымыз сияқты, уақыттың да бетіне тура қарай алмаған бойы төменшік назармен ғұмыр кешіп келеміз. Бұл төменшік назарымыз – ұлы Уақыттың мәңгілік екенін мойындау. Тіршілік құшағында неше аунап күн, неше айналып ай өтсе де, адамзат баласы соның бәрін жинақтап, жыл деп қорытындылайды. Жаңа жылдың табалдырығын аттар қас қағым сәтте өткеніңді бір түгендеп шығасың. Түгендейсің де, жаңа ниет, жаңа пейілмен ескі жылмен қоштасып, жаңа жылды қарсы аласың.

Өткен жыл еліміз үшін берекелі жыл болды. Ең алдымен әлем алдында абыроймен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткіздік. Қанша жылы сөз естіп, шарапатты ілтипат көрдік. Әр облысымыздың Астана төріндегі күндері салтанатпен өтіп жатты. Көз көрді, көңіл қуанды. Орталық Азиядағы бейбітшілік үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгерлік, бейбітсүйгіш қасиеті дәнекер болып, Астана процесі де халқымыздың айбыны болды. Қанша елдің басшысы Елбасының осы қасиетін айтып, құрметтеп жатты. Ер мерейі – ел мерейі деген осы.

Қазақ халқының кішкентай жеңісіне қуанып, алған әр асуына «Құдайға тәубе» айтып отырамын! Өз еліңнің әлем мемлекеттері арасында терезесі тең қалпы мәміле жасағанын көргенде марқаясың. Биылғы жыл да еліміз үшін ырысты, берекелі жыл болғай!