2018: зейнетақы өседі

Босағамыздан енген жаңа 2018 жылы еліміздің әлеуметтік және еңбек саласында бірқатар жаңалық бар. Біріншіден, жұмыспен қамту бағдарламасын жалғастырамыз. Былтыр бұл салада жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Биыл өзін-өзі қамтыған және солтүстік өңірлерге көшетін азаматтарды қолдау мәселелерін қарастырамыз. Екіншіден, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер – әйелдердің зейнет жасын осы жылдан бастап 6 айға көтеру және 1 шілдеден базалық зейнетақыны еңбек өтіліне қарай қайта есептеу жүзеге асырылады. Бұл өзгерістерге сәйкес зейнетақының орташа мөлшері 81 500 теңге немесе 23,6 пайызға өседі (2017 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда). Үшіншіден, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы азаматтарға берілетін көмектің кешенділігін арттырып, отбасыны кедейлік шегінен шығару жоспарланып отыр. Төртіншіден, өзін-өзі жұмыспен қамту, азаматтарды нәтижелі жұмысқа тарту күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе. 

Егемен Қазақстан
01.01.2018 6036
2

Бүгінде зейнет жасына 1954 жылдан кейін, яғни «бэби-бум» кезеңінде дүниеге келген азаматтар шығуда. Егер 2003 жылдары жыл сайын 50 мың адам зейнетке шығатын болса, қазір олардың саны 130 мыңға жетті. 2025 жылға қарай зейнеткерлеріміздің саны 3 миллионға жуықтап қалады. Соңғы 10 жылдың өзінде азаматтарымыздың өмір сүру ұзақтығы 66,3 жастан 72 жасқа дейін өсті. Яғни зейнет жасына шыққан азаматтар орташа есеппен 20 жылдан аса зейнетақы алып отыруы қажет. Еліміздегі осы ерекшеліктерді ескере отырып, 2014 жылы зейнетақы жүйесін жаңғырту тұжырымдамасын қабылдадық. Онда азаматтардың қай жылы туғанына қарамай, зейнет жасында еңбек табысына сәйкес келетін зейнетақымен қамтамасыз ету мақсаты қойылған.

Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанда үш деңгейлі  зейнетақы жүйесін құрдық. Бұл жүйеге сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру жауап­кер­шілігі тек мемлекетке емес, сонымен бірге жұмыс беруші мен азамат­тың өзіне де жүктелген. Бірінші, аза­мат­тың жауапкершілігіне тоқталып өтейін. Елімізде 1998 жылдан бастап жи­нақтаушы зейнетақы жүйесі енгізіліп, азаматтар табыстарының 10 пайызын ай сайын жинақтаушы зейнетақы қорына аударып отырады. Зейнет жасына жеткеннен бастап әр азаматқа бұл қор шотында жиналған қаржысының есебінен зейнетақы төлей бастайды. Зейнетақының мөлшері әр азаматтың зейнетке дейін өз атына жинаған қаржысының көлеміне байланысты болады. Егер шетел тәжірибесіне зер салып қарасақ, сондай-ақ халықаралық және ұлттық сарапшылардың жүргізген есептеріне сүйенсек, онда зейнетақының көлемі қомақты болу үшін немесе бұрынғы табысының көлеміне сәйкес келу үшін азаматтар 35-40 жыл шамасында өзінің зейнеткерлік шотына қаражат салып отыруы қажет. Осыншама уақыт қаржы жинау мүмкіндігі 1998 жылдан алғашқы еңбек жолын бастаған азаматтарда ғана бар.

Осы жайтты ескере отырып, мемлекет азаматтардың 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін еңбек зейнетақысын төлеу тәртібін сақтап қалды. Бұған қосымша зейнеткерлерді әлеуметтік қолдауды одан әрі күшейте түсу мақсатында 2005 жылдан бастап базалық зейнетақы енгізілді. Бүгінде зейнетақының бұл түрін 2 млн-нан аса зейнеткер алып келеді. Былтыр зейнетақы төлеу үшін мемлекеттен 1,6 трлн теңге жұмсалды. Жыл сайын зейнетақы мөлшерін арттырып келеміз. Өткен жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері – 46 мың теңге, ал орташа зейнетақы мөлшері 66 мың теңге болды. ТМД елдері арасында жоғары деңгейде екенін атап өткім келеді. Ал жұмыс берушілер 2014 жылдан бастап қауіпті жұмыста істейтін 425 мыңнан астам қызметкеріне 5% кәсіптік жарналарды төлей бас-
тады. Бұл қызметкерлердің шотына жұмыс берушілер жіберген сома 135 млрд теңгені құрады. Яғни зейнетақы мөлшері азаматтың еңбек өтіліне тікелей байланысты. Бұл тиімді деп ойлаймыз.

Бірден айту керек, зейнеткерлік жасты ұлғайту бір күнде шешілген жоқ. Жан-жақты зерттеліп, сараланды. Бұл еліміздің демографиясына, экономикасына, азаматтардың жұмыспен қамтылуына, халық табысының деңгейі сияқты негізгі көрсеткіштерге байланысты. Бұл көрсеткіштер бойынша еліміздің өсу қарқыны дұрыс деп айтуға болады. Бірақ мемлекеттен алатын зейнетақы мөлшері азаматтардың 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтіліне қарай есептеледі. Заңға сәйкес толық еңбек зейнетақысын 1998 жылға дейін 20 жыл еңбек өтілі бар әйелдер (25 жыл еңбек өтілі бар ер-азаматтар) алады, қазір зейнетке шығып жатқан әйелдердің көпшілігінің мұншалықты еңбек өтілі жоқ. Мысалы, әйелдің 1998 жылға дейін 15 жыл, одан кейін 10 жылдық еңбек өтілі бар делік. Сонда 15 жылдық өтілі үшін 30 000 теңге зейнетақыны мемлекет төлейді. Ол зейнетақы қорына да көп қаржы жинай алмаған, себебі жинақтаушы жүйеге небәрі 10 жыл ғана қатысқан. Сондықтан бұл жүйеден алатын зейнетақы көлемі де жоғары болмайды. Осылайша зейнетақыны мемлекеттен де, қордан да алғанымен, оның мөлшері толық еңбек өтілі бар азаматтар алатын зейнетақы мөлшерінен едәуір төмен болып отыр.

Егер ер-азаматтардың жүйеге 40 жыл қатысуға мүмкіндігі болса (23 жастан 63 жасқа дейін), ал 4 баласы бар әйел кісінің орташа қатысу уақыты 28 жылдан аспайды. Себеп, біріншіден, 58 жаста зейнетке шықса, екіншіден бала бағу уақыты бар. Сондықтан бұл санатқа кіретін әйел азаматтардың зейнетақы мөлшері еңбек табысымен сәйкес болу үшін олардың зейнетақы жүйесіне қатысу уақыты ұзартылды. Яғни зейнеткерлік жасын жыл сайын 6 айдан қосып, 10 жыл ішінде 63-ке жеткізу қарастырылды. Бұл өзгеріске мемлекет қосымша субсидиялармен және жеңілдіктермен алып барады. Яғни 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақыны 1998 жылға дейінгі еңбек өтілін және одан кейінгі жылдарда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін қоса есепке ала отырып, тағайындауды қарастырдық. Осыған сәйкес базалық зейнетақының мөлшері биылғымен салыстырғанда орташа есеппен 1,8 есе өсетін болады. Бұл, әсіресе бүгінгі таңда еңбек өтілі аз әйелдер үшін үлкен қолдау болғалы тұр. Сондай-ақ жұмыс істеп, бала күтімі бойынша демалыста отырған аналарға зейнеткерлік жарнасын жоғалтпау үшін мемлекет республикалық бюджеттен бір жыл көлемінде бұл аналарға субсидия беруді қарастырды.

2014 жылдан бері мұндай мүмкін­дікті 300 мыңнан астам ана алды, олардың зейнетақы шоттарына шамамен 16 млрд теңге қаражат аударылды. Бұл негізінен 1998 жылдан кейін еңбекке кіріскен әйелдер үшін қолайлы. Ал жұмыс істемейтін аналарға базалық зейнетақыны тағайындауда әр балаға 3 жыл, барлығы 12 жылдан аспайтын еңбек өтілі есептелетін болады. Бұл еңбек өтілі мемлекеттен төленетін еңбек зейнетақысын есептегенде де, базалық зейнетақыны тағайындағанда да есепке алынатын болады. Көріп отырғаныңыздай, зейнеткерлік жасын ұлғайту – қаржыны үнемдеу емес, азаматтардың зейнетақы мөлшерінің жоғары болуы үшін жасалған шара.

Шетелден келген қандастарымыздың зейнетақы мәселесінде мынаны айтуға болады. ТМД елдерінде тұратын азаматтар бір елден екінші елге көшкен жағдайда олардың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілін қабылдау бойынша 1992 жылы 14 мемлекеттің қол қойған келісімі бар. Сондықтан ТМД елдерінен келетін бауырларымыз үшін еш кедергі жоқ. Ал алыс шетелден келетін қандастар зейнетақысын белгілеу үшін олар тұратын мемлекет пен Қазақстанның арасында келісімшарт болуы керек. Өкінішке қарай, мұндай келісімшарттарды жасау бүгінде өте қиын болып отыр. Себебі әр елдің зейнетақы жүйесі әртүрлі. Егер зейнетақыны мемлекет төлейтін болса, олар өзге елдің азаматтығын алып отырған адамдардың зейнетақысын «экспорт» жасамайды. Ал біздің заңымызда зейнетақы еңбек өтілі мен табысына қарай белгіленеді. Қандастарымыздың Қазақстанда жұмыс істеген еңбек өтілі жоқ. Сондықтан бүгінде бұл азаматтарға базалық зейнетақыны өз азаматтарымызбен бірдей көлемде төлеп келеміз. Біз шетелдік тәжірибені толық зерттеп шықтық. Әлем елдерінде көбінесе азамат басқа елге қоныс аударатын болса, оның зейнетақысы тұрған мемлекеті тарапынан еңбек өтіліне немесе зейнетақы жинағына қарай төленеді. Ал көшіп келген елдегі жұмыс өтілі үшін қабылдаған мемлекет төлейді. Мәселен, қандастарымыз көп тұратын елдер тарапы осындай тәртіпке келіссе, біз қажетті келісімшарт жасауға дайынбыз. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізілуде.

Тамара ДҮЙСЕНОВА,

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

21.09.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша жоба әзірленді

21.09.2018

Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

21.09.2018

Қостанайлықтар жарықдиодты шыны жолмен жүреді (ВИДЕО)

21.09.2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

21.09.2018

Алексей Луценко: «Алматы турын» апталық жарыс қылса керемет болар еді

21.09.2018

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

21.09.2018

Онкологиялық қызметтің атасы Сәкен Нұғмановтың 100 жылдығы атап өтілді

21.09.2018

Дзюдошы Ерлан Серікжанов жартылай финалға шықты

21.09.2018

Қайрат өз құрамын жария етті

21.09.2018

Асқар Жұмағалиев Үндістанның АТ және телекоммуникациялар министрімен кездесу өткізді

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

21.09.2018

Халқына демесін болған күйші

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Алхап Тегісхан (12.09.2018 15:17:57)

Өтініш Мен Алхап Тегісхан 1992 жылы екі елдің еңбек келісім шарты бойынша МХР-нан Қазақстан республикасының Шығыс Қазақстан Көкпекті ауданына қоныс аудардым. Мариногорка ауылында мамандығым мұғалім болғандықтан Мариногорка орта мектебінде 2015¬-2016 оқу жылының аяғына дейін үзіліссіз 23 жыл 6 ай жұмыс жасадым. Монғолияда 16 жыл мұғалім болып қызмет істедім. Барлық жұмыс өтілім 40 жыл. 2016 жылы жасым 14- ақпанда 63-ке толғандықтан құжаттарымды тиісті орынға тапсырып зейнеткерлікке шықтым. Зейнеткерлік заңға сәйкес 5–ақ жыл еңбек өтілі есептелді Барлық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 23270 теңгені құрады.Зейнеткерлікке шыққанан 2 жыл жұмыстадым.1998 жылғы 1-қаңтардан 2016 жылдың 14- ақпанына дейін18 жыл 2 ай зейнетақы төлемдері аударылып келді. Менің төлем аударған жылымды 16 жыл деп есептеп 2 жылымды қысқатып тастаған. Себебі зейнетақы төлемі кешігіп аударылған айлар дейді. Қарап отырсам қаңтар мен шіледе айларына көп сәйкес келеді екен. Қаңтар айында бюджетте ақша болмай жатыр деп ақпан айында аударылады. Шілде айында аударылмау себебі мұғалімдер демалсқа шығуына байланысты бір ай бұрын аударылатын кездері көп екен. Бұған керісінше заң бойынша ай қосып беру керек шығар. Бюджеттен жалақы алатын қарапайым мұғалім мен қызыметкердің қателігі емесқой?! Басқаның немесе биліктің қателігі үшін! Еңбегімнің зейнетін көрембе деген үмітпен зейнеткерлікке шығып жатқан қарттарды жазалаудың бір түрі ме? Әділетті заң кінәліні ғана жазалайды Жаңа заңда оқып диплом алған жылдар еңбек өтіліне қосылады делінген. Ал менің 42 жыл соның ішінде Қазақстанда 26 жыл жұмыс жасаған дипломым жұмыс өтіліне есепке алынбайды екен . Егер мен диплом бойынша жұмыс жасамасам бір сәрі. Себебі неде? Әр ел өзі азаматтарына көңіл бөлуге қамқорлық жасауға міндетті алаламауға тиіс.Қазақстан менің Отаным болғандықтан менің өмірім де осы елмен тығыз байланысты. Сондықтан шындықты айтып құқығымды қорғауға құқылымын деп есептеймін. Қазақтан Републикасының Конституциясында әрбір Қазақстан азаматы еңбек істеуге, істеген еңбек өтілі бойынша жасы зейнеткерлік жасқа толғанда еңбегіне сай зейнет ақы алуға құқылы делінген . Бірақ жаңа зейнетақы заңына қарап отырсаң зейнетақы азая береді екен Ынтымақты зейнетақы жылдар 1998 жылы аяқталады. Ең жоғарғы зейнетақы кәзіргі есеп бойынша 28000 ғана болады екен. Бұл жерде ертерек шыққандар ұтты. Қазір олардың зейнетақысы 100000-нан асты. Жаңа зейнетақы заңында зейнетақы жинақау қорына барынша көп ақша аударған сайын зейнетақың еселеп өседі делінген, бірақ керісінше кемуде. Ынтымақты зейнетақы жылдарына зейнетақы жинақау қорына ақша аударғаны есептеліп зейнетақы төленді. Зейнетақы жинақтау қорына ақша аударылған жылдар неге керісінше есептелмейді? Мына қымбатшылық заманда, зейнетақы кеми берсе еңбегімнің зйнетін көрембе деген қарттардың жағдайы не болмақ?! Біз құқықтық мемлекетпіз! Заң дегеніміз - адам өмірін реттеп отыратын тетік болғандықтан заңымыз әділ болуға тиіс!. Сондықтанда зейнеткерлікке шығу құқығымыздың заңдық тұрғыда дұрыс реттелуін, қорғалуын өтінемін! Өтініш жазған: Алхап Тегисхан Мариногорка ауылы 12.09. 2018 жыл Телефон: 8-72-333-51-555 8777-6910196

Пікір қосу