Әлем • 02 Қаңтар, 2018

БҰҰ Бас хатшысы адам баласының алдында тұрған басты қауіпті атады

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш жаңажылдық хабарламасында адам баласының алдында тұрған басты қауіп-қатерді атап, «қызыл дабыл» жариялады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

БҰҰ Бас хатшысы адам баласының алдында тұрған басты қауіпті атады

Ең бірінші ол ядролық қару сонау соғыс кезінен бері дамып, ең жоғары деңгейге жеткенін айтты. «Климат біздің қимылымыздан да жылдам ауысып жатыр, теңсіздік қарқын алып келеді. Біз адам құқығы тапталып жатқан жайттарды күнде көреміз. Ұлтшылдық, ксенофобия күн санап артып барады.

«Мен бір жыл бұрын қызметке кірген кезде 2017 жылды бейбітшілік жылы деп жариялауға шақырдым. Өкінішке орай, әлем мүлдем басқа бағытта жүрді. Ал жаңа 2018 жыл қарсаңында ешнәрсеге шақырғым келмейді. Енді дабыл қағамын», деді БҰҰ бас хатшысы.

Оның ойынша, қазіргі уақытта әлем бір қадам кері жасады. Оның орнын толтыру үшін әлем көшбасшылары бас қосуы қажет.