Аймақтар • 03 Қаңтар, 2018

ОҚО-да былтыр ИИДБ аясында 13 жоба іске қосылды

423 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылдың он бір айында  индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде құны 9,4 млрд. теңгені құрайтын 13 жоба іске қосылды.

ОҚО-да былтыр ИИДБ аясында 13 жоба іске қосылды

Атап «Рахат Шымкент» ЖШС-гі вафельді түтікшелер өндірісін ұйымдастыру  жобасын іске қосты. Жоба құны 850 млн. теңге болатын кәсіпорын жылына 1700 тонна өнім өндіреді. Заманауи оңтүстіккореялық технологиялар қолданылатын зауытта 28 жаңа жұмыс орны құрылды. Ал, Отырар ауданында «Азия агро» ЖШС-нің жүгері өңдейтін зауыты. Жылына 5 мың тонна жүгеріні өңдеуге қауқарлы жобаның құны 619 млн. теңге. Кәсіпорын құс фермаларын құрама жеммен қамтамасыз ету мақсатында өзі жүгеріні өсіріп, қайта өңдейді. Мұнда 16 адам жұмыспен қамтылған.

Созақ ауданының индустриялды аймағында іске қосылған жобаның бірі «Сырлы Созақ» ЖШС-нің полимерлік қалдықтарды қайта өңдейтін және төменгі қысымды құбырлар шығаратын зауыты.  Құны 222,9 млн. теңге болатын жобаның жылдық қуаттылығы 1 мың тонна. Өнімдерін уран өндіруші кәсіпорындарына жеткізетін зауытта 31 адам еңбек етеді. 

Бұдан бөлек, Шымкент қаласында 4 мың комплект жиһаз шырауға қауқарлы ЖК «Рахманкулов А.П.» «Белла жиһазын» шығаратын фабрикасы. Құны 506 млн теңге болатын жобаның 300 млн. теңгесін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында алған. «Белла жиһазы» брендімен шығарлатын өндірісте заманауи технологиялар қолданылады. Мұнда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Ал Қазығұрт ауданында «Отырабат-Құрылыс» ЖШС-нің газ-бетон блогын шығаратын зауыт өз жұмысын бастады. Аудандағы индустриялды аймақта жүзеге асып отырған жоба жылына 12 мың шаршы метр газ-бетон блогын шығаратын болады. Құны 120 млн. теңге болатын кәсіпорында 12 азамат жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар, «Корпорация Сити Строй» ЖШС-нің жылына 750 мың тонна асфальт шығаруға қауқарлы зауыты ашылды. Жобаның құны 280 млн. теңгені құрайды. Ордабасы ауданында «Бөрте Милка» компаниясының сүт өнімдерін өңдеу зауыты іске қосылды. Құны 900 млн. теңгені құрайтын жобаның жылдық  қуаттылығы 4320 тонна.

Өткен жылы іске қосылған жобалардың бірі «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «Бумпром» ЖШС-нің картоннан қағаз жасау үшін рубероид, гипсокартон және цемент қап өндірісі. Жобаның жалпы құны 100 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына 4 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. 2017 жылы  жұмысын бастаған  «Дезфумекс» ЖШС-нің бетон өндіріс зауытының жалпы құны 150 млн. теңге. Сонымен бірге, «Химфарм» АҚ қатты дәрілік өндіріс формалар өндірісін іске қосты. Жобаның жалпы құны 4 266 млн теңге болса, зауыт жылына 200 миллион таблетка шығаруға қауқарлы. Сарыағаш ауданында ашылған «База-Service» ЖШС-нің консервілеу цехы бар көкөніс және жеміс сақтау құрылысы. Жобаның жалпы құны 500 млн. теңгені құрайды. Жобалық қуаттылығы жылына 40 мың банкі. Ал, Шымкент қаласында «Компания Р.Э.Т» ЖШС-гі  керамикалық қаптайтын қыш шығаратын зауытының жұмысын бастады. Жылына 20 миллион кірпіш шығаратын зауыттың жобалық құны 103 млн. теңге.

 Ерекше жобаның бірі Отырар ауданында жүзеге асырылды. «Ақмерген» ЖШС-і жаңашыл жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті жерде көп өсетін табиғи қамысты пайдаланды. Елімізде теңдесі жоқ жобаның жалпы құны 622,3 млн теңге. Жылына 150 мың шаршы метр өнім өндіруге қауқары бар цехта  жергілікті 30-ға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Жалпы облыста Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2015-2019 жылдары Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша құны  1,2 трлн. теңгеге 17,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрайтын 135 жобаны іске асыру жоспарланған.