Аймақтар • 03 Қаңтар, 2018

Солтүстік Қазақстан өнімдеріне ресейліктер сұранысы жоғары

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Есіл» аймақтық дамыту орталығы қызметіндегі басым бағыттардың бірі  жергілікті өнімдер мен тауарлардың сыртқы нарықтағы бәсекелестігін арттыру болып табылады.

Солтүстік Қазақстан өнімдеріне ресейліктер сұранысы жоғары

Оның директоры  Руслан Шариповтың айтуынша жыл өткен сайын  шекаралас аймақтардағы өңірлер арасында сауда-саттық көлемі артып, экспорттық әлеуеттің біршама артқаны байқалады.

«Орталықтың бастамасымен  Омбы қаласында  екі сауда орталығы ашылып, солтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің үшжүзден астам азық-түлік өнімдері қойылған. Қазіргі уақытта 15 шетелдік компаниямен қоян-қолтық жұмыс істейміз», дейді Р. Шарипов.

Солтүстік Қазақстан және Омбы облыстары арасыдағы екітараптық меморандумнан кейін экологиялық жағынан таза өнімдерге деген сұраныс үш есеге дейін артқан. Биыл Түмен, Екатеринбургг, Новосібр қалаларында  сауда павильондарын  ашып,  Солтүстік Қазақстаннның сапалы, қолжетімді өнімдерін жеткізу жоспарланып отыр.

Омбы қаласындағы «ҚазМаркет «ААҚ-ның жетекшісі  Евгений Бойцов  бірнеше  азық-түлік  дүкені жұмыс ыстейтінін, түскен табыс күткендегіден екі есеге асып түскенін жеткізді. Ешқандай химиялық қоспасы жоқ  азық-түлік өнімдеріне сұраныс өте жоғары. Сүт, ет өнімдері күнделікті жеткізілгеніне қарамастан сөреде жатпайтын көрінеді.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.