04 Қаңтар, 2018

Ақшат ауылында бастауыш мектеп орта мектепке айналды

1126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы жылдары ел аумағында урбанизация үрдісі терең белең алып отырған жағдайда шағын ауылдарда орта мектеп ашылуы түгілі, бастауыш мектептің жабылып қалуы әбден мүмкін.

Ақшат ауылында бастауыш мектеп орта мектепке айналды

Әйтсе де атар жылдың ақ таңында Ақшат ауылында бұған керісінше жағымды жаңалық орын алды. Мұндағы бастауыш мектеп іргесін кеңейтіп жалпы білім беретін үлкен мектепке айналды. Сыңғырлаған су жаңа ғимараттың сырты қандай сәнді болса, іші сондай мәнді. Жаңа мектепке алаш арыстары көсемдерінің бірі Әлихан Бөкейхановтың есімі берілгені де жарасып тұрғандай. 

300 оқушыға өз есігін айқара ашқан мек­теп ғимараты бар-жоғы бір-ақ жыл­дың ішініде тұрғызылған. Оның тағы бір ерекшелігі бүгінгі әлемдік білім бе­ру стандарттарына сай тірек және қи­мыл-қозғалыс мүшелері бұзылған ба­ла­лардың да мектептке емін-еркін келіп кетуі үшін қажетті жағдайлардың туғызылғаны. Мұ­ның өзі арнайы жеделса­ты, пандус тү­рінде көрініс тауып отыр. Жа­ңа үл­гі­дегі мектептің тез әрі сапалы са­лы­ну­ына «Нұрлы жол» мемлекеттік бағ­дар­ла­масының шапағаты тиіпті. Бұл үшін бюд­жет есебінен табаны күректей 864 мил­лион теңге жұмсалған. 

Ақшат ауылының тұрғындарын, кә­рісі мен жасын көл-көсір қуанышқа бө­леген оң құбылыс ең біріншіден, мұн­да­ғы демографиялық табиғи өсім мен ішкі көші-қон үрдісінің жоғары еке­нінен хабар бере алады. Дәл осындай бай­ыпты байламды Ақтөбе қаласындағы Бо­ла­шақ шағын ауданында ашылған орта мек­тептің жаңа ғимаратына қатысты да жа­сауға болады. Оның құны – 755 миллион теңге. 

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе облысы