Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018

Солтүстік Қазақстанда VIP-нөмірлерге сұраныс артқан

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр 24 миллион теңгенің вип-нөмірлері сатылса, биыл бұл көрсеткіш одан әрі өседі деген болжам бар.

Солтүстік Қазақстанда VIP-нөмірлерге сұраныс артқан

«010, 020, 090-ға дейінгі және 077, 707 автокөлік нөмірлері элиталық санатқа жатады. Әрқайсысының бағасы 57 айлық есептік көрсеткішке тең», дейді арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері.

Бір айлық есептік көрсеткіш 2405 теңгені құрайтынын ескерсек, сатылым құны 137085 теңге болады екен.

Тіркеу бөлімі бастығының орынбасары Бекен Тайгиловтың айтуынша, өтінім беруші  нөмірлер сандары ғана емес, әріптерінің де бірдей болуын қаласа,  тағы да 57 айлық есептік көрсеткіш үстемелетін көрінеді.  Ал, 001-ден   009-ға дейінгі  және 777 нөмірлердің бағасы  жарты миллион теңгеден асып жығылады.  Қарапайып нөмірлер 6730 теңгеге парапар.

Өткен жылы жоғары сұранысқа ие 64 жұпа втокөлік нөмірлері сатылса,  биыл бұдан бір мысқал да кемімейтін секілді.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.