Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018

2018 жылы Қазақстанда қандай әуе рейстері ұшады

265 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті 2018 жылы субсидияланатын әуе рейстерінің тізімін жариялады. «Халықтың ел астанасы мен өңірлер арасындағы әуе қатынасы жөніндегі талап-тілегін қанағаттандыру және туристік нысандарға қолжетімділікті арттыру мақсатында 2018 жылы бірқатар бағыттар субсидияланады», - деп хабарланды Комитеттің Фейсбуктегі ресми парақшасында. 


2018 жылы Қазақстанда қандай әуе рейстері ұшады

1) Қарағанды - Қызылорда - Қарағанды, аптасына 1 реттен кем емес, 18 000 теңге тарифпен;

2) Өскемен - Қарағанды, аптасына 2 реттен кем емес, 20 000 теңге тарифпен;

3) Көкшетау - Ақтау, аптасына 2 реттен кем емес, 20 000 теңге тарифпен;

4) Алматы - Көкшетау, аптасына 2 реттен кем емес, 18 000 теңге тарифпен;

5) Алматы - Петропавл, аптасына 2 реттен кем емес, 20 000 теңге тарифпен;

6) Астана - Талдықорған, аптасына 7 реттен кем емес, 24 500 теңге тарифпен;

7) Петропавл - Шымкент, аптасына 1 реттен кем емес, 20 000 теңге тарифпен;

8) Астана - Петропавл, аптасына 1 реттен кем емес, 14 300 теңге тарифпен;

9) Астана - Үшарал (Алакөл көлі) аптасына 2 реттен кем емес, 20 000 теңге тарифпен;

10) Алматы - Балқаш, аптасына 1 реттен кем емес (6 ай), 14 000 теңге тарифпен;

11) Астана - Үржар (Алакөл көлі), аптасына 1 реттен кем емес (6 ай), 19 500 теңге тарифпен;

12) Алматы - Үржар (Алакөл көлі), аптасына 1 реттен кем емес (6 ай), 16 000 теңге тарифпен; Комитеттің хабарлауынша, барлық тарифтер бір ғана бағытқа ұшу үшін көрсетілген. Әуе рейстерін субсидиялау бағдарламасы 2002 жылдан бері жүргізіліп келеді және бүгінгі күнге дейін оннан астам әуе бағыттары коммерциялық негізге ауыстырылған. Қазіргі уақытта бағдарламаның басым бағыттарының бірі - Қазақстанның ішкі туристік бағыттарын дамыту болып отыр.