Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018

Биыл Қазақстан мен Өзбекстан арасында бірнеше әуе рейсі ашылады

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері өз қалаларын жалғайтын бірнеше әуе рейсін ашуды көздеп отыр. Бұл туралы UZREPORT TV телеарнасына сұхбат берген Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаев атап өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». 

Қазақстан елшісі өз сөзінде Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерін 2018 жылы қандай жаңалықтар күтіп тұрғанын айтып берді. «Біз әуе географиясы уақыт өте келе кеңейер деген сенімдеміз. Нақтырақ айтқанда, әсіресе туристік бағытта өте табысты болар деген үмітпен Алматы - Бұхара, Алматы - Хиуа және Алматы-Самарқан рейстерін ашу көзделуде», - дейді Ерік Өтембаев.

Диломат өз сөзінде инфрақұрылымдық мүмкіндіктердің жолын ашу арқылы екі мемлекетке туристер көптеп ағылуы мүмкін екенін жеткізді. «Қазіргі уақытта Шымкент пен Ташкент шаһарлары арасында тікелей автобус бағдары болуы үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз. 2018 жылы туристік мүмкіндіктер көптеп ашылар деген сенімдемін», - дейді Ерік Өтембаев.