15 Қараша, 2011

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы №389

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 2 тамыз,  Астана қаласы «Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Бұйырамын: 1. «Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6829 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 маусымдағы № 185-186 (26606-26607) «Казахстанская правда» газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: 2) тармақша алып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн және заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы  Б. ШОЛПАНҚҰЛОВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 8 тамыздағы Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7105 болып енгізілді.