Ол үшін 1414 нөміріне телефон шалса орталық қызметкерлері үйлеріне келіп, қызмет түрін ұсынады. Былтыр өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарға 240 мемлекеттік қызмет түрлері ұсынылған. Орталықта оларға ыңғайлы және кедергісіз жағдай жасалуда, «есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға «онлайн-сурдоаударма» сервисі іске қосылды.
Корпорацияның барлық фронт-кеңселеріндегі сияқты орталықта да арбаға танылғандарға шақыру батырмасы мен пандустар, Брайль мәтіні бар тақталар, нашар көретіндерге түйсіну жолақтары орнатылған.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар