Аймақтар • 11 Қаңтар, 2018

Астана әуежайы ауа райына байланысты жабылды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әуежайы ауа райының қолайсыздығы салдарынан жабылды, деп хабарлайды авиация комитеті.

Астана әуежайы ауа райына байланысты жабылды

«Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ауа райына байланысты ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана уақытымен 13:00-ге дейін жабылды.

Жолаушыларға рейстері туралы ақпаратты әуе компанияларының колл-орталықтарынан анықтауға кеңес береміз», - деп хабарланған Комитеттің Facebook-тегі парақшасында.