![Астанада Аграрлық университеттің шатырын жел ұшырып кетті](/article_photo/1515664455_article_b.jpeg)
Бұл мәліметті университеттің баспасөз қызметі растады. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін, қазір аталған ғимараттың маңайы қоршалған. Жөндеу жұмыстары ауа райы түзелген соң сақтандыру есебінен жүргізілетін болады. «Сабақ мәселесіне келсек, қазір сессия кезі, толыққанды оқу процесі жүріп жатқан жоқ. Тек, түске дейін студенттер бақылау жұмыстарын тапсырып, үйлеріне қайтып кетті», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.