12 Қаңтар, 2018

Қайрат Мәми: Дамудың үдемелілігін қамтамасыз ететін Жолдау

374 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы алдыңғы жылдардағыдай «Қазақстан-2050» Стратегиясының қисынына сәйкес келетін елеулі бағдарламалық құжат әрі мемлекеттік аппарат пен азаматтар үшін іс-қимылдың үлгісі болып табылады. 

Қайрат Мәми: Дамудың үдемелілігін қамтамасыз ететін Жолдау

Онда Төртінші өнер­кә­сіптік революция дәуірінде қазіргі заманғы трендтермен шартталған тыныс-тіршіліктің барлық салаларын дамытудың өзекті мәселелері қамтылған. 

Жолдаудың көптеген идея­лары өткен жылы өткізілген конституциялық реформаның ережелерімен сабақтасады және олардың одан әрі іске асырылуы бір-бірін өзара толықтырып отыратын болады. 

Президент мемлекеттік және өзге де құ­ры­лымдарды шоғырландыруы тиіс он шешуші міндетті белгіледі. Бұл: агроөнеркәсіп ке­шенін, құрылыс пен коммуналдық секторды кеңінен индустрияландыру және жаңғырту, көлік-логистикалық инфрақұрылымның, қаржы секторын «қайта жүктеудің» тиім­ділігін арттыру, адам капиталын дамыту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін қам­та­масыз ету, ауқымды цифрландыру жұмыс­тары және т.б. 
Құқық аясында азамат­тар­дың конс­ти­туциялық құқық­тары кепілдіктерін одан әрі нығайту, жер-жерлерде заңның үстемдігі қағидаттарын бекіту бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыруға деген Мемлекет басшысының тапсырмасын ерекше атап өткім келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында превентивті шаралар қа­был­дау қажеттігіне назар аударыл­ды, ол өте ма­ңызды. Құқық қор­ғау қыз­меті, әдеттегідей ізгілен­діру, қо­ғамдық тәртіп пен қауіп­сіз­дікті қам­тамасыз етудің зият­кер­лік жү­йе­сін енгізу, атап айтқан­да, кө­ше­­лерде және адамдар көп жи­на­­ла­тын орындарда бей­не­бақылау мен тану, жол қозға­лысын ба­­қы­­лау бағытында дами беретін болады. 

Мемлекет басшысының Жолдауы биылғы 10 қаңтарда Конституциялық Кеңестің арнайы отырысында талқыланды. Біз елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Конституциялық Кеңестің жыл сайынғы жолдауының жобасын да­йындау жөніндегі жұмысты бастадық, ол екінші тоқсанның соңында Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланатын болады. Біз онда Елбасы тапсырмасын іске асыру бойынша, әсіресе адамның және азаматтың конс­титуциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәсе­ле­лері бо­йынша нақты ұсыныстар береміз.
Баршаңызды Қазақстан Пре­зидентінің Жолдауын наси­хат­тауға және іске асыруға бел­сенді түрде атсалысуға ша­қы­рамыз. Конституциялық Кеңес өз өкілеттігі шегінде оны орындау үшін бар күшін салатын болады.

Қайрат МӘМИ,
Конституциялық Кеңес төрағасы