Басқосуда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа Заңның аясында атқарылған бір апталық жұмыстың тәжірибесі мен туындаған проблемалық мәселелер талқыланды.
Қ.Қожамжаров Заң талаптарын бұзуды алдын алу мақсатында ұйымдастырушылық шаралар қабылданғанын жеткізді. Атап айтқанда, барлық құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен жиын өткізіліп, облыс прокурорларына Заңды қолдану тәртібі мен жеке құрамды оқыту бойынша нұсқау жолданды, сондай-ақ әдістемелік құралдар әзірленді.
Облыс прокурорларының есебін тыңдаған Бас прокурор қылмыстық қудалау саласында азаматтардың конституциялық құқығын бұзу фактілеріне жол бермеу керектігін, себебі бұл адамның жеке бас бостандығын шектеумен, ұстау мен қамауға алумен байланысты екендігін атап өтті. Жиналыстың қорытындысы бойынша Қ.Қожамжаров бірқатар нақты тапсырмалар берді.