Аймақтар • 12 Қаңтар, 2018

Үржардағы үздік үлгі

202 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Үржар аудандық ауруханасының бас дәрігері Жексенбай Тілеуберлинді бұрыннан танимыз. 2013 жылдан бері Үржар аудандық ауруханасына жетекшілік етуде. Төрт қабатты аурухананың іші-сырты күрделі жөндеуден өткен, айнадай жарқырайды. Аурухананың ішкі жағындағы кең алаңды көрсетіп, келер жылы осы жерден «Ана мен бала» саябағын ашамыз дегенде, бас дәрігердің шаруашылық жұмыстарына көңіл бөлетінін аңғардық.

Үржардағы үздік үлгі

– Мына тұрған ардагерлер бөлмесі аудан әкімі Серік Зайнулдиннің бастамасы бойынша жасалды. Ішіне күр­делі жөндеу жасап, теледи­дар, қажетті жабдықтар ор­н­аластырдық. Ауданның өр­­кендеуіне ерекше үлес қос­қан қариялар осында орна­ласып, қажетті ем-домын алады, барлығы тегін. Мына тұр­ған перзентханаға жаңа қуат­ты құрал-жабдықтарды орн­аттық. Бізде перзентхана, терапия, жансақтау, балалар, гинекология, хирургия, жұқпалы аурулар бөлімі қыз­мет көрсетеді. Аудандық ау­ру­ханада 100 дәрігер, 331 о­р­­та буын қызметкер бар. Бар­­лығы 629 адам қызмет ете­­ді. Мекемеге қарасты 39 ем­­деу-сауықтыру орындары, 16 медициналық пункт, 6 фель­дшерлік-акушерлік, 15 дәрігерлік-амбулатория, Тас­­кескендегі орталық ауру­хана, Мақаншыдағы ауда­н­а­ралық орталық аурухана өңір­дің 80 мыңнан астам адамы­на медициналық қызмет көрсетеді, – дейді бас дәрігер.
Аурухананы аралап шық­қанда тазалыққа ерекше көңіл бөлінетінін аңғардық. Сырқат жандар жататын палата тап-таза. Кең әрі жарық палаталарда 2-3, 4-5 кісі ғана жатады.

Бас дәрігердің айтуынша, соңғы екі-үш жылда «Парыз» қоры бойынша 148 миллион, облыстық бюджеттен 30 миллион теңге қаржы бөлініп, за­манауи аппараттар сатып алу­ға жұмсалған көрінеді. Ал ол қандай қондырғылар деген­ге кел­сек, тек Астана мен Үр­жар­да ғана бар іш құрылысы (видеогастро) және короноскопия аппараттары. Жансақтау бөліміндегі наркоз беретін қондырғы Оңтүстік Кореядан әкелініпті. Оның бағасы – 12,5 миллион теңге. Рентген аппараты – 6 миллион, жаңа ай­тылған қос жабдыққа 11,5 мил­лион теңге жұмсалған кө­рі­неді. Оның сыртында жүкті әйел­дерді, асқазан, басқа да сыр­қаттарды тексеретін УЗИ қон­дырғыларына қыруар қар­жы жұмсалған.

– Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» ма­қаласында ел азаматтарының  сер­гек те саламатты өмір сү­руі жайлы ерекше айтылған. Ау­ру­хана қыз­­меткерлері мақа­ла жария­ла­нысымен оны қызу тал­қы­лады. Ауданда жаңа туылған сә­билердің соңғы жылдары көб­ейгені сөз болды. Бізде ай сайын 55-60 сәби дүниеге ке­ле­ді, бір жылда 730 бала туған. Былтыр 600-дей сәби дүниеге келді. Оның үстіне аурухананы жөндеуге, кір жуатын орынға, қазандық орнатуға, қалдық заттарды тазартатын қондырғыға 270 миллион теңге жұмсалды. 

«Дипломмен – ауылға!» бағ­дарламасы бойынша соңғы тө­рт жылда 38 дәрігер Үржар ау­руханасына қызметке орна­ласқан. Аудан әкімінің гранты бойынша 21 бала Семей ме­дициналық университетіне оқу­ға түсіпті. Биыл 10 жас ма­ман туған ауылына ке­ліп, қы­з­метке орналасты. Жол­да­ма­мен келгендерге 158 мың теңге көтерме сыйлық, пә­тер беріледі. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен кел­ген Қымбат Мұсаева қазір бө­лімше меңгерушісі болса, Ал­­матыдағы Асфендияров атын­­дағы медициналық уни­вер­ситетті бітіріп келген Марсель Алиев терапевт болып қызмет етуде. Олар өздеріне барлық жағдайды жасаған аурухана басшысына риза.

Оңдасын ЕЛУБАЙ

Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы