Бокс • 12 Қаңтар, 2018

Головкин мен "Канело" жұдырықтасатын уақыт белгілі болды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 мамыр күні қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы кезекті жекпе-жек өтеді, деп хабарлады Бүкіләлемдік бокс кеңесі.

Головкин мен "Канело" жұдырықтасатын уақыт белгілі болды

Бокс әлемінде кезекті көпшілік күткен жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегастағы T-Mobile Arena немесе Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында  өтуі мүмкін деп жоспарланып отыр.

Головкин  мен Альварес арасындағы жекпе-жек өткен жылдың 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ)  T-Mobile аренасында өткен. Төрешілер жекпе-жекті тең деп аяқтап, Геннадий Головкин орта салмақтағы WBC, WBA (Super) IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғап қалды.