![Facebook желісінде жарнама мазмұнындағы жариялымдар саны азайтылады](/article_photo/1515735213_article_b.jpeg)
. Цукербергтің сөзінше, Facebook желісінде жаңалықтар мен жарнама мазмұнындағы жариялымдар саны азайтылып, желі қолданушысының отбасы мүшелері тарапынан контент көбірек болады.
"Жаңалықтар таспасы о бастағы мақсатынан - адамдарға бір-бірімен араласуға көмектесуден ауытқып кетті", - деп жазыпты Марк Цукерберг. Сонымен қатар, ол әлеуметтік желіге өзгерістер енгізу жұмыстары басталып кеткенін және оның аяқталуына бірнеше ай керек болатынын да айта кетті.