Қазақстандық консалтинг маркетплейс Еуропада іске қосылмақ

Кәсіпорындарды, зауыттарды және фабрикаларды сандық бейнелеу және білікті мамандарды іздестіру мәселесін шешу мақсатында G-Global бизнес-порталының консалтингтік базасы іске қосылады. Бұл жоба Эстония парламентінің депутаты, Орталық партияның бас хатшысы Михаил Корбуға ұсынылды.

Егемен Қазақстан
12.01.2018 1655

Депутат қазіргі заманғы әлемдік экономика адами ресурстардың сапасына деген сұраныстың артқанын айтты. «Жаңа өндірістер мен трендтердің пайда болуы әртүрлі елдердің еңбек нарығында тиімді мамандарға сұраныс туғызады» деді ол.

Осы орайда кәсіпорындарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, сарапшылар, инвесторлар мен жобаның бастамашылары арасында өзара қарым қатынас орнату бойынша G-Global бизнес-порталы халықаралық платформасы әзірленді.

G-Global бизнес-порталының халықаралық тобы сараптамалық қызметтер үшін маркетплейс құруда. Яғни орталықтандырылмаған блокчейн хаттамаларында құрылымдалған өзара әрекеттесудің түбегейлі жаңа платформасы құрылады. G-Global Business Portal платформасының механизмдері платформалық өзара әрекеттесу бойынша кеңесшілер, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары Эрик Маскин мен Алвин Роттың қатысуымен құрылған. 2017 жылдың қарашасында G-Global бизнес-порталының жоба менеджері Денис Цыро Гарвард университетінде Алвин Ротпен және Стэнфорд университетінде Эрик Маскинмен Эстониядағы платформаны дамыту туралы келісімшарттарға қол қойды.

Айта кету керек, ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы Үйлестіру кеңесінің төрағасы академик Ханон Барабанер G-Global бизнес-порталының ғылыми жетекшісі. Сондай ақ, ОҚО дағы «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы - G-Global жобасы іске асыруды қолдайтын Орталық Азиядағы негізгі аймақтық серіктес болып табылады.

Экономиканың нақты секторын цифрландыру кезінде адам ресурстарын басқару бағытындағы кеңесші - Сергей Сергиенко (ChronoBank) болып табылады. Бұл орайда G-Global бизнес-порталының жетекшісі Денис Цыро ChronoBank жүйесін консалтинг маркетплейс алаңына біріктіру қажеттігін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, токен TIME – ChronoBank-тың элекетронды ақша жүйесі қызметкердің нақты тиімділігін өлшейді және қызметкердің кәсіпорында пайдасы туралы ақпарат береді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2018

Кабулдегі террорлық шабуылда 18 адам қаза тапты, соның біреуі Қазақстан азаматы

21.01.2018

Баянауылдың аэродромын аяқтау үшін 250 млн теңге қажет

21.01.2018

Павлодарда металлургтерге 10 көлік берілді

21.01.2018

Алексей Полторанин әлем кубогы кезеңінде топ жарды

21.01.2018

Аязға байланысты үш өңірде жол жабылды

21.01.2018

Павлодарда коттедждер кенті салынады

21.01.2018

Биыл Өскеменде 30 аула абаттандырылады

21.01.2018

Ертең Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептерде сабақ болмайды

21.01.2018

Астанада энергетикалық кешеннің алдағы қатты аязға дайындығы тексерілді

21.01.2018

Түпқараған ауданында сүт зауыты ашылды

21.01.2018

ОҚО-да биыл «Индустрияландыру картасы» шеңберінде 9 жоба іске қосылады

21.01.2018

Өскемен мен Аягөздегі әскери бөлімдер жауынгерлік даярлықтарын пысықтады

21.01.2018

Ольга Рыпакова турниріне 8 мемлекеттің жеңіл атлеттері қатысты

21.01.2018

Ақтөбедегі автобус өртінен қаза тапқандардың толық аты-жөндері белгілі болды

21.01.2018

Алматыда «Ұлы Дала саздары» атты концерт өтеді

21.01.2018

Қазақстанның төрағалық етуімен Қауіпсіздік Кеңесінде министрлік деңгейінде дебаттар өткізілді

21.01.2018

Білім басқармасы ауа райы жағдайына байланысты сабақтарды тоқтату қалай қабылданатынын мәлімдеді

21.01.2018

Сыртқы істер министрі Нью-Йоркте бірнеше кездесу өткізді

21.01.2018

Қазақстан арқылы Әзербайжанға жөнелтілетін Қытайдың жүк пойызы жолға шықты

21.01.2018

Оңтүстік өңіріндегі көне қалалар бойынша деректі фильм түсірілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік

АҚШ-та білім алып жүргенімізде екі апта бойы сөз бостандығы абсолют­тік болуы тиіс пе деген тақырыпты тал­қыладық. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ғажайып жаңалықтар

Заманауи экономиканың дамуы адамзатқа орасан зор жаңа мүмкіндіктер ұсынатындығын, соған сай экономиканың кейбір дәстүрлі салаларының түбегейлі өзгеріске түсетінін қазірдің өзінде байқауға болады. Тек бір ғана ауыл шаруашылығын алып қарайықшы.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қайдасың, менің ертегім?!

Алпысыншы жылдардың басында мектеп табалдырығын аттаған біздің толқынның бала қиялын баураған ғажап – қазақтың ертегілері мен батырлар жыры еді-ау. Сол кезде сол бір ғажайыптар әлемінен санамызға сің­ген сансыз суреттер бұл күнде сағындырып, сабырымызды сарқып ішкендей болады. Сондағы небір керемет сиқырларды көруге көңіл ынтығып, көкірек көзі құмартып, құштарлана ашылғандай күйге енеті­німіз бар.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Тажалды тізгіндеудегі байыпты бітімгерлік

Вашингтондағы кездесулер жоғары деңгейде өтті. Әлемнің белді, белгілі ақпарат құралдары да ол туралы жарыса жазуда. Маңызды кездесулердің өзекті тұсы – Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі табанды ұстанымы мен байыпты қызметін жоғары бағалау болды. Бұл іс жүзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бейбітшілікті сақтау мақсатындағы жеке бастамалары мен осы бағыттағы қажырлы қызметіне, әлем­дік деңгейдегі қайраткерлік болмысы­на берілген баға деп пайымдаймыз. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тілді кез келген жаста үйренуге болады

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді жә­не бұл қызығушылық ешқашан тоқ­тамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрі­нуі мүмкін. Дегенмен адамның қы­зығушылығы мен сүйіспеншілігі ой­ға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу