Қазақстан • 12 Қаңтар, 2018

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 13-15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның солтүстік облыстарында қарлы боран соғуына алып келген суық ауа ағындары Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжыды. Олардың орнын Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аудандарынан суық антициклон ауыстырады. Бұл жағдай республиканың басым бөлігінде ауа райының күрт суытуына әкеп соқтырады. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және қиыр шығыс аудандарында демалыс күндері және дүйсенбіде оңтүстік фронталдық жүйенің әсері байқалады.

Сондықтан мұнда қар жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қарлы боран болуы мүмкін. Күннің суытуына қарамастан, республикада ауа температурасы нормадан аспайды.