2016 жылы қала мен қала маңындағы ауылдардың көшелерінде 96 шақырым жол салынса, 2017 жылы жол құрылысы қарқын алды. Өткен жылдың 12 айында жалпы ұзындығы 267 км 330 көше асфальтталды.
2018 жылы жасалатын жол құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда. Жоспар бойынша қала мен маңындағы ауылдардың 207 көшесіне асфальт төселеді. Автокөлік жолының жалпы ұзындығы 220 шақырым.
- Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов атыраулықтарды жол құрылысын бақылауда ұстауға қатысуларын шақырды. Жол құрылысындағы келеңсіздіктерге куә болған қала тұрғындары Telegram қосымшасындағы «Атырау облыстық әкімдігі» чат-арнасына немесе "Атырау Цифрлық қабылдау» қосымшасы арқылы хабарлай алады, - деп хабарлады Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ биыл қала мен селолық округтер аумағындағы 19800 текше метр жолға ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. 2018 жылы Атыраудағы 184 көшеге 178 км жаяу жүргіншілер жолын салу үшін ЖСҚ жасауға 25 млн теңге бөлінді. Автокөлік жолдары қасынан асфальттанған жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары қала мен тоғыз селолық округте басталады.