Аймақтар • 16 Қаңтар, 2018

Атырау қаласында жатақханасы бар жаңа спорт кешені ашылды

945 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа спорт нысаны Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәлік Сүлейменовтың құрметіне берілді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласында жатақханасы бар жаңа спорт кешені ашылды

Самал мөлтек ауданындағы спорт кешені Қызылқоға ауданының перзенті, спорт шебері Айбар Есенғалиевтың қаржыландыруымен салынған. Спорт мектебінде 34 жатын бөлмесі, 32 спортшы мен екі жаттықтырушыға есептелген жаттығу залы, асхана, жуыну бөлмесі және шынығу алаңы бар. Залға 6 жастан бастап қабылдайды бір уақытта 50 адам татамиде джиу-джитсумен айналыса алады.

Айта кетейік, бұл жоба Мемлекет басшысының «Болашақ бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағыты  бойынша  жүзеге асырылған.

- Бұл құрылыс 2015 жылы көктемде басталды. Бүгінгі таңда құрылысы бітіп, ашылдық. Алдағы уақытта жастарымызды спорт кешеніне жаттығуға шақырамыз. Облыс спортшыларының шеберлігін арттыруға бірден-бір үлес қосатын зал болады деп есептейміз, - дейді Айбар Есенғалиев.

Еске салсақ, өткен жылы облыста 35 спорттық нысан пайдалануға берілген болатын. Мәлік Сүлейменов атындағы спорт кешені 2018 жылы ашылған алғашқы спорттық нысан болып отыр.