17 Қараша, 2011

Тәуелсіздік тойына орай пәтерлер берілді

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Алматы қаласында  шекарашыларға 120 пәтердің кілті салтанатты түрде табыс етілді. Бар ғұмырын шекара өміріне арнаған ардагерлер мен ҰҚК Шекара қызметінің Алматы гарнизонында қызмет атқаратын әскери қызметшілері үшін бұл күн ерекше есте қалды. Жаңа қоныстың иелерін ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Н.Мырзалиев құттықтады. Президент Н.Назарбаевтың үнемі қолдауының арқасында ел шекарасы барлық ендіктері бойынша нығайтылуда, сондай-ақ, ел шебін көзінің қарашығындай күзетіп жүрген шекарашылардың әлеуметтік тұрмысына баса көңіл бөлінуде. Соның нақты айғағы,  шекарашылар үшін тұрғын үйлер салынуда, жаңа пәтерлер сатып алынуда. Оған Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өтіп жатқан осындай салтанатты шаралар сөзімізге дәлел бола алады. Мәселен, бір ай бұрын ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасының 60 әскери қызметшісі жаңа пәтерге көшіп, қоныс тойын тойлады. «Егемен-ақпарат».