17 Қараша, 2011

Бөкей ордасына – 210 жыл

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бөкей хандығы 1801 жылы Еділ мен Жайықтың аралығында құрылған. Бөкей бастап Жәңгір жалғаған хандықта мемлекеттіліктің банк, архив секілді бірқатар нышандары болған. Өткен аптада шалғайдағы Бөкей ордасы ауданында аталған құрылымның 210 жылдығы кеңінен аталып өтті. Оған Ресейдің Астрахань, Волгоград облыстарының өкілдері қатысты. – Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың жер қорғаған ерлігінен, ел қолдаған өрлігінен бастау алады. Соның бір мысалы Бөкей хандығы. Бұл дата тәуелсіздіктің жиырма жылдығымен тұспа-тұс келуі зор қуаныш, үлкен мерей, – деді салтанатты жиында аудан әкімі Рахман Карин. Темір ҚҰСАЙЫН. Батыс Қазақстан облысы.