Қазақстан • 17 Қаңтар, 2018

Астанада сөйлеу процессорларын баптау жұмыстары жүргізілді

92 реткөрсетілді

«Әлеуметтік оңалтуды дамыту ғылыми-практикалық орталығы» мамандары Астана қалалық бөлімшесінде кохлеарлы имплантаттары бар мүгедек балаларға сөйлеу процессорларын баптау жұмыстарын өткізді, деп хабарлайды «ӘОД ҒПО» баспасөз қызметі.

Мұндай аса жауапты жұмысты атқару, есту және сөйлеу қабілеті нашарлаған жанға сөйлеу процессорлары мен оның жинақтаушы бұйымдарының қызмет сапасын арттырары айдан анық. Бұл өз кезегінде, кохлеарлы имплантанттары бар мүгедек балалардың күнделікті өмірінде және білім алу үдерісіндегі таптырмас маңызды мәселе болып отыр.

Екі күнге созылған шарада мамандарымыздың көмегіне 20-дан астам мұқтаж жандар жүгінген. Айта кетерлігі, есту аппараттарын баптау үдерісіне техникалық тұрғыдан қызмет көрсетумен қатар, есту бұзылысын диагностиклау және емдеу, тереңдетілген аудиологиялық тескеріс жасау, кеңес беру, естуді протездеуге жіберу, есту бұзылыстарын сараптау, есту қабілеті зақымдалған балаларды диспансерлік есепке қою, сондай-ақ сурдологиялық көмек көрсетілетін мамандандырылған кабинеттерге жіберу қызметтері де кіреді.

Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын баптау және теңшеу жұмыстары мемлекеттік «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көш басында - Канело

Спорт • Кеше

Ауылда да субұрқақ бар

Аймақтар • Кеше

Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..

Руханият • 14 Маусым, 2019

Мерейі тасыған отбасы

Руханият • 14 Маусым, 2019

Бірлесіп күресуге шақырды

Саясат • 14 Маусым, 2019

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

Футбол • 14 Маусым, 2019

Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорт • 14 Маусым, 2019

Еуропа ойындары басталады

Спорт • 14 Маусым, 2019

Демалыс аймағы ашылды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мұражайлар фестивалі

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мейіргер Шархат

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Робот арқылы операция жасайды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар