Онда «Қазақ халқының даңқты қызы Әлия Молағұлова Вятская мектебінде 1942 жылдың наурызынан мамыр айына дейін оқыды. 1944 жылы 14 қаңтарда ерлікпен қаза тапты» деп жазылған.
Ресейде тұратын қандасымыз Махаббат Қожабекованың хабарлауынша, ескерткіш тақтаны ашуға село тұрғындары мен мектеп оқушылары тиянақты дайындалыпты. Адам көп жиналған. Ескерткіш тақта ашылғаннан кейін мектеп батыр қызға арналған музыкалық кеш өтеді. «Кеште Волковский театрының актері қандасымыз Ануар Сұлтановтың шырқаған «Әлия» әні жұртшылықты тәнті етті» дейді Махаббат Қожабекова.
Осы кеште жергілікті әчкери тарихшы Дарья Тимощенконың «Последний бой Алии» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.
«Мен қазақтың қызы ретінде шелпек, бауырсақ пісміріп, жұма күні болғандықтан Әлия мен аталарымыздың әріағына құран бағыштаттым» дейді «Егемен Қазақстанның» тілші қосынына хабарласқан Махаббат Қожабекова.
Нәзира ЖӘРІМБЕТ
«Егемен Қазақстан»
Қостанай