Қоғам • Бүгін, 15:00

Қыста автокөлікті қыздыруға қатысты шектеулер қайта қаралады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда қыста автокөлікті ұзақ уақыт қыздыруға салынған уақытша шектеулер өзгертілуі мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қыста автокөлікті қыздыруға қатысты шектеулер қайта қаралады

Фото: Ашық дереккөз

Бүгін, 6 мамырда Мәжіліс «Жол қауіпсіздігін цифрландыру және жүргізушілерді даярлау саласындағы кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Талқылау барысында депутат Дмитрий Колода көлікті қыздыруға қатысты шектеулер мәселесіне назар аударды.

Сенат резонанс тудырған жануарларға қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

«Бір жыл бұрын қоғамда көлікті қыздыруға салынатын айыппұлдарға байланысты қызу пікірталас болған еді. Біз бұл мәселені шешудің түрлі жолдарын ұсындық. Осы заң жобасында елді мекендерде қыс мезгілінде автокөлікті жылытуға салынған тыйымды толық алып тастау ұсынылды. Алайда тұрғын үй аумақтарында, тиісті жол белгісі бар жерлерде шектеу сақталады», деді депутат.

Санжар Әділов бұл мәселе жұмыс топтарында талқыланғанын айтты. Ведомство бұл тыйымды алып тастау идеясын қолдайды.

Мәжіліс мемлекеттік қызмет туралы заң жобасының жаңа редакциясын бірінші оқылымда мақұлдады

«Қазіргі таңда аталған заң жобасы аясында шектеуді алып тастау қарастырылып жатыр. Яғни ауа райы жағдайларын ескере отырып, кейбір нормалар өзгертіледі. Мысалы, тұрғын үй аймақтарынан басқа жерлерде тыйым алынып тасталуы мүмкін. Бірақ заң жобасы әлі екінші оқылымнан өтеді. Сол себепті нақты шешімді тек содан кейін ғана айтуға болады», деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті заң департаменті басшысының орынбасары Ермек Шүлден.

Соңғы жаңалықтар