Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары туралы өзінің твиттерде жарияланған жазбасында «Президент Н.Назарбаевтың Ақ үйдегі келіссөздері екіжақты ынтымақтастықты дамыту және халықаралық жағдай жөніндегі Қазақстан мен АҚШ көзқарастарының ұқсастығын көрсетті. Трамп Қазақстанның Корей түбегін ядролық қарусыздандыру жөніндегі әріптесі екенін айтты. Сапардың тарихи маңызы аса зор!» деп жазды.
Сондай-ақ Жоғарғы палатаның Төрағасы «Вашингтон Президент Н.Назарбаевты жылы шыраймен қабылдады және Д.Трамп оның «зор құрметке ие көшбасшы» екенін айтты. Өз елінде де, халықаралық қоғамдастықта да еңбек сіңірген Қазақстан көшбасшысына лайықты баға берілді» деп атап өтті делінген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.