Кездесу барысында «Қазақстан америкалық бизнес үшін үлкен әлеуетке ие, әлемнің төтенше маңызды аймағында орналасқан», деп атап өтті АҚШ-тың Сауда палатасының төрағасы Томас Донохью.
Сондай-ақ жиын барысында америкалық капиталдың қатысуымен жүзеге асырылатын бірлескен жобалар Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларын қамтитыны айтылды. Осы орайда іс-шаралар барысында авиациялық және ғарыштық өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және т.б. салалардағы жетекші америкалық компаниялар – «Chevron Overseas», «W. R. Grace&Co», «GE Transportation Parts LLC», «Pfizer», «John Deere», «Amity Technology», «Global Beef Investments LLP» және басқаларымен инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы, коммерциялық құжаттарға қол қойылды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға сәйкес, республиканың экономикасын цифрлық бағытқа көшіруге қатысты мәмілелер жасалды.
Олардың ішінде АХҚО, «ИТП» АКҚ және «IBM» арасында Astana Startup HUB IT-технопаркінің базасында қаржылық технологиялар бойынша инкубаторды құру туралы, «ИТП» АКҚ және «Global Venture Alliance» арасында өнеркәсіпті цифрландыру қорын құру туралы, сондай-ақ «GE Digital» және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ арасында темір жол көлігін, энергетиканы, мұнай өңдеуді және экономиканың басқа да секторларын цифрландыру жөніндегі жобаларды жүзеге асыру бойынша стратегиялық әріптестік туралы келісімдер түзілді.
Қазақстан-Америка сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға, сондай-ақ екі елдің іскерлік топтарын жақындастыруға арналған маңызды мәселелердің бірі «Kazakh Invest» басқарма төрағасы С.Тұяқбаевтың АҚШ қаржылық институттарымен Жекеменшік шетелдік инвестициялар корпорациясы (Overseas Private Investment Corporation (OPIC) және Оппенхаймер сияқты АҚШ-тың ірі қаржылық институттарымен жалпы сомасы 3 миллиард АҚШ долларына бірлескен инвестициялық жобаларды және сауда операцияларын қаржыландыру туралы құжаттарға қол қоюы болды.
Сондай-ақ «Oppenheimer» америкалық қорының басқарушы директоры Питер Албаномен бірге Қазақстандағы жобаларды қаржыландыру немесе инвестиция құю үшін америкалық қаржы институттарын тарту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Мемлекет басшысының АҚШ-қа ресми сапары аясында жалпы сомасы 7 миллиард доллар болатын коммерциялық құжаттарға қол қойылды.