Медицина • 18 Қаңтар, 2018

«Шымкент-Ташкент» бағытындағы автобустың жолақысы арзандады

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шымкент-Ташкент» бағытындағы автобустардың жолаушылардан алатын төлемі арзандады деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.

«Шымкент-Ташкент» бағытындағы автобустың жолақысы арзандады

Екі қала арасында күніне екі рет қатынайтын автобустар енді әр жолаушыдан 2400 теңгеден алады.

Екі қала арасындағы билет бағасы алғашқы кездері 3200 теңге болатын. Қазақстан және Өзбекстан тарабы жолақыны қайта қарады. 

Бүгінде автобус билетінің бағасы темір жол билетімен теңесіп қалды. Ташкентке темір жол арқылы баратын мүгедектер мен оларды алып жүретін адамдарға 70 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы