Бекен Ыбырайым. Виртуалды кеңістік тұтқыны немесе ұрпақты өз діліне қалай қайтарамыз?

Балаларға арналған шығармаларға қойылатын талаптар белгілі. Бір қарағанда, оп-оңай секілді. Атап айтқанда, балалардың жас ерекшелігін ескеруі, демек, әр жастағы балалардың ұғымына сай болуы – алғашқы, ең негізгі шарт. 

Егемен Қазақстан
19.01.2018 3976
2

Біздегі балалар поэзиясының ең негізгі кемшілігі – осы шартқа толық жауап бере алмауында. Айталық, 2, 3, 4, 5 жастағы балалардың ұғымында, көркемдік қабылдауында өзгешеліктер бары шексіз. Алайда балаларға ұсынылған бір өлеңнің өзінде әр жастағыларға арналған жолдар, шумақтар ретсіз араласып, жосықсыз жарысып жүреді. Соның салдарынан нақты кімге арналғаны бұлдыр дүниелер ересектің көзімен қарағанда, жап-жатық, мазмұны қажет, идеясы айқын көрінгенімен, балдырғанға қызықсыз, күлдібадамға айналады.

Балалардың айтуына оңай, тілге жеңіл болмаса, жатталмайды. Ал жаттау үшін ойна­қы­лығымен, суреттілігімен, әуезділігімен қызық­тыру қажет. Қызықтыру көркемдігіне тікелей қатысты. Әлбетте, «балалар жазушысы болып туу керек». Ересектерге арналған әдебиетпен салыс­тырғанда, балалар әдебиетінің жанрларында өзін­дік жаңалықтар да бар. 

Сөз арасында айта кетейін, кезінде балаларға арналған шығармалар үшін жарияланған, соны­мен бірге жалпы әдебиетке арналған конкурс­тарға қазылар алқасына мүшелікке әлде­неше рет шақырылдым. Конкурсқа қатысқан шығармаларды оқи бастағанда-ақ, авторлар немесе олар үшін басқалар телефон шала бастайды. Олардың сөзін жерге тастай алмаймын, бірақ соның салдарынан басқа шығармаға обал жасауым мүмкін. Сол себепті телефон соғылса, үнемі бас тартамын. Көзім жеткені – бәйге алуға немесе бас жүлде, бірінші жүлдені алуға лайықсыз туындылардың «үздік» аталуы, нағыз үздіктің ілуде бір ұшырасатыны. Соңғы бірнеше жыл (бұрын да солай болған кездер аз емес) бойы кімнің қалай «озып» шыққанын естіп-біліп отырмыз. 

Рас, озық шығармалар күнде немесе жылда дүние­ге келе бермейді. Оның үстіне, әсіресе, бөбек­терге, балдырғандарға арналған туындылар жазу – қиынның-қиыны. Қандай қызық, «мықты» шығарма болса да, балдырғанды 1-2 минут­тан артық «ұстап» тұру мүмкін емес. Күштеп, қорқытып назарын аударса да, сана­сына сіңбей, сырғанап кете береді. Сан­сыз салбөксе санамақтар, елең еткізбейтін, шұбаты­лып біт­пейтін өлең-әліппелер, құрғақ уағыз, қызық­сыз, ойтаныс, көзтаныс сәттер ығыр қылады. Соларды қарайтын, қадағалайтын, тым құрыса бір ауыз ләм дейтін, балалар басылымдарында не жарияланып жатқанын байыптап, түсініп талдай алатын сын жоқ.

Бұл орайда әдебиетіміздің дарынды тұлғала­ры­ның балаларға арнап, шығармалар жазу тәжіри­бесі еске түседі. Кезінде М.Әуезов, М.Дула­тов, Б.Майлин, С.Мұқанов, С.Дөнентаев, т.б. одан кейін Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов, Қ.Аманжолов, т.б. оларға ілесе, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, М.Мақатаев, т.б. жеткін­шектер, балдырғандар үшін қалам тартқаны мәлім. Бәлкім, мұның бір себебі, әсіресе, балаларға лайықты өлең, әңгімелердің мүлдем жеткіліксіз екенін біліп назар аударғандықтан шығар.

Балалар әдебиеті – мемлекеттік идеология­ны, отаншылдық рухты қалыптастырудың, нығайту­дың ең қажетті, ең алғашқы баспалдағы. Баланың ділі қалай қалыптасса, ұлт, халық болашақта белгілі бір дәрежеде солай бейімделетіні дүние­жүзілік тарихи тәжірибеде дәлелденген. Мәселен, жапондық ғажайып отаншылдықтың бастауы – баланың рухына пәрменді әсер ету тиімділігінде. Оларда он жасқа дейін тек өз тілінде оқытады. Он жастан кейін ғана, онда да мектепте емес, мектептен тыс, әр ата-ана өзінің немесе баласының қалауымен өзге тілді немесе тілдерді оқытады. Он жасқа дейін баланың, сол арқылы ұлттың – халықтың ділі қалыптасады. Өкініштісі, осы мәселе, осы шындық бізде айрықша ескеріліп, негізгі шамшыраққа айналмауы себепті балалар әдебиетіне жеткілікті көңіл бөлінбейді. Әр кезде талап нышандары көрінгенімен, науқандық, уақытша шаралар шаңында қалып қояды. 

Сонымен бірге Білім және ғылым министрлігі бұл мәселеге әлі күнге тиісінше назар аудармай келеді. Балалар әдебиеті жанрларын, тарихи кезеңдерін, көркемдік құбылыстарын, поэтикасын, жалпы шеберлік сипаттарын саралаған зерттеулер жоққа тән. Бармақ басты, көз қыстымен әлдеқалай шығып қалған оқу құралдарынан аздап мағлұматымыз бар. Бірақ, ол – бөлек әңгіменің арқауы. 

Балалар әдебиетінің мүлдем өшіп қалмай, өмір сүруіне мүмкіндігінше үлес қосып отырған – балалар басылымдары. Олардың ішінде ең лайықтысы, ең тартымдысы – «Балдырған» журналы. Бұл журнал болмаса, балаларға не ұсы­нарымызды білмей, дағдарып қалар едік. Алайда журналға материалдық қолдау байқа­уымызша, көңіл көншітпейді. Дарынды ақын-жазу­шыларды жан-жақты ынталандырмайынша, сол басылымдарға атсалысатын қаламгерлер қашанда жетпейді.

Бұл орайда, балалар драматургиясы туралы да айта кетсек, авторлардың жетпейтінін тағы да амалсыз еске аласыз. Бір кезде І.Жансүгіровтен бастап, басқа да біраз белгілі қаламгерлер пьесалар жазғанымен, сахнада тұрақтап қала алмады. Бүгінде тәжірибелі, белгілі драматургтеріміздің балаларға арналған пьесалар жазбауының өзіндік себептері барын білеміз. Ендеше мемлекеттік деңгейде жыл сайын немесе жыл аралатып, балалар әдебиетінің барлық жанрларын, жас ерекшелігін ескеретін конкурстар өткізу – уақыт талабы. 

Бұл талап үдесінен шыға алмасақ, балдырған­дарымыз басқалардың жетегінде кетеді. Мәселен, «Маша мен аю», «Фиксики» секілді мультфильм­дер сериясын күнде телефон, планшет арқылы интернеттен көріп, тамақ ішуді ұмытатын балдырғандардың бетін әдебиетке бұру өте қиын. Виртуалды кеңістік балалардың санасына, көркемдік қабылдауына орасан зор әсер етіп отыр. Өткен ғасырдың ортасынан асқанда-ақ, жапондар «теледидардың алдында өскен ұрпақта жапондық сезім, отаншылдық рух қалай болады?» деп мемлекеттік деңгейде мәселе көтерген. Ал біз үндемейміз, сөйтіп бүгінгі тіршілігімізді, болашағымызды басқалардың тізгініне беріп, бөтеннің аузына қарап отырмыз. Ресейде «Маша мен аю» мультфильмі «балаларға зиян, зиян емес» деген екі ұдай пікір таласы жүріп, ақыры кейінгісіне тоқталды. Виртуалды кеңістік өзге бір елдің, ұлттың құндылықтарын, тіршілігін танытатын, сол арқылы санаға орнықтыратынын, сол арқылы өзіне тартып бейімдейтінін, өз ата-анасынан, Отанынан алыстатуға күш салатынын бүгінгі әлемдік тәжірибе әбден дәлелдеп берді.

Ютубтан (YouTube), Гуглдан (Google), Яндекстен (Yandex) шықпайтын балаларды өз жерімізде отырып, өз еліне «қайтару» күн тәртібіндегі көкейтесті мәселеге айналды. Тығы­рық­тан шығу жолдарын іздеу – мемлекеттің мін­деті, әр қаламгердің азаматтық парызы. Айдың, күннің аманында көзімізді жұмып алып, балаларымызды виртуалды кеңістіктің тұтқынына жібермей, жарқын, шын өмірдің жайсаң, жалынды азаматы болып өсуіне бар күш-жігерді жұмсамасақ, күндердің күнінде бармағымызды тістеп, өкініштен өзегіміз өртенбесіне кім кепіл?!

Бекен ЫБЫРАЙЫМ,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Авторлық ауызша әдебиет» ғылыми орталығының директоры 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.10.2018

Қазақстан Президенті «Ақтөбе» индустриялық аймағына барды

15.10.2018

Елбасы «ACE Tennis Center» теннис орталығына барды

15.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Мұз сарайын аралап көрді

15.10.2018

Мемлекет басшысы Ақтөбедегі «Аяла» балаларды сауықтыру орталығына барды

15.10.2018

Елбасы «DaruZharygy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің офтальмология орталығына барды

15.10.2018

«Қазақ радиолары» ЖШС-ның Бас директоры тағайындалды

15.10.2018

Брексит: келісімге қол жетпеді

15.10.2018

Геннадий Шиповских: Мұғалім мәртебесін асқақтату еліміз үшін аса маңызды (ВИДЕО)

15.10.2018

Сенаторлар Атырау қалалық Бизнес және құқық колледжінде кездесу өткізді

15.10.2018

Станимир Стоилов: Әлеуетін толық көрсете алмай жүрген футболшылар бар

15.10.2018

Павлодарда құрылысы ұзаққа созылған 25 нысан анықталды

15.10.2018

Елбасы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

15.10.2018

Қыздар университеті «Туған жерге тағзым» жобасын жүзеге асыруға кірісті

15.10.2018

«Ұстаз мәртебесі туралы» заңды әзірлеуге салалық кәсіподақ белсенді түрде атсалысады

15.10.2018

Өзбекстанда импорт өсіп, экспорт көрсеткіші төмендеді

15.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

15.10.2018

Мұратхан Шүкеев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

15.10.2018

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

15.10.2018

Ұшқындағы үшем

15.10.2018

Армения әскері Таулы Қарабаққа қатысты атысты тоқтату режимін бұзды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Týrızmdi damytý qonaqjaılyqtan bastalady

Tetigin tapqan elder týrızm salasyn sarqylmaıtyn tabys kózine aınaldyryp alǵan. Qyzyǵa qarap otyrsaq, bul saladan qyrýar qarajat túsetinin aıtpaǵanda, kóptegen jumys orny ashylyp,  eldiń tórtkúl álemge jaqsy aty shyǵyp jatady eken.  Al kez kelgen qonaqtyń kóńilin tabýǵa eń birinshi ashyq-jarqyn qabaǵyń, odan keıin dámdi tamaǵyń kerek ekeni álmısaqtan belgili aksıoma emes pe.  

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу