Аймақтар • 21 Қаңтар, 2018

Оңтүстік өңіріндегі көне қалалар бойынша деректі фильм түсірілді

557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ОҚО тарихи-өлкетану музейінде «Қоғамдық сананы жаңғыртуды жүзеге асырудағы музейлердің ролі» атты семинар барысында ұрпаққа мұра құнды дерекке бай, "Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалар" деректі фильмінің тұсаукесер рəсімі өтті. 

Оңтүстік өңіріндегі көне қалалар бойынша деректі фильм түсірілді

Бұл фильмді "САҚ" киностудиясы "Оңтүстікфильмнің" жетекшілігімен және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың идеясымен ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне «Ұлы Жібек жолындағы ескерткіштер» номинациясы бойынша Оңтүстіктен ұсынылған ортағасырлық 8 ескерткіш туралы түсірген. Фильм режиссері Батырхан Дəуренбековтің мәлімдеуінше, 25 минуттан тұратын фильмнің   мақсаты -     өңірдегі ежелгі, тарихи, киелі орындарымен таныстыру, оның пайда болу тарихы арқылы өткен тарихымызды, мәдениетімізді дəріптеп, табиғаты әсем жерлерді көрсету арқылы туризм саласын дамыту, достық пен татулықты кеңінен көрсете отырып, өз елінің тарихын ұғындыру, жасөспірімдерге тәрбие беру. «Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында еліміз бен жерімізді, тарихи мол мұраларымызды сақтап қана қоймай, насихаттау арқылы ұрпақ санасына патриоттық сезімді  сіңіру қажеттігін атап көрсетті. Осы мақсатта, ежелден өркениеттің өзегі болған Оңтүстік өңіріндегі көне қалалар бойынша деректі фильм түсіріп, көпшілікке ұсынып отырмыз», - дейді Б.Дәуренбеков.

Фильмде өңіріміздегі тарихи ескерткіштер, киелі жерлер мен әсем табиғатқа ие сол замандағы Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан Сауран, Отырар, Арыстанбаб, Түркістан,  Қараспантөбе, Жуантөбе, Күлтөбе қалашықтары туралы баяндалады.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»