Саясат • 22 Қаңтар, 2018

Ертеңгі күнге сенімділікті орнықтырады

332 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы елімізді жаңғырту жөніндегі шаралар бағдарламасын қамтиды.

Ертеңгі күнге сенімділікті орнықтырады

Елбасымыздың алысты бол­жаған көреген саясаты нәти­же­сінде еліміз биік белестерді ба­ғын­дырды: Қазақ­стан 2017 жы­лы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұ­рақты емес мүшесі болды, жа­ңа жылдан бастап біздің еліміз оған төрағалық етуде. ТМД ел­дері арасында бірінші болып дүниежүзілік мамандандырылған ЭКСПО көрмесін өткіздік.

Президентіміз өзінің Жол­дауын­да бізді қол жеткізген биік­терде тоқталып қалмауға шақы­ра­ды және көкейіміз­де ертеңгі күнге сенімділікті орнықтырады.

Елбасы Қазақстан дамуы­ның және әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына ену жөніндегі 10 негізгі міндетті біздің алдымызға қойып отыр.
Солардың ішінде сегізінші міндет – Тиімді мемлекеттік бас­қару» ауқымында «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнес­ке мем­лекеттік қолдау көр­сету үде­ріс­­терін цифрландыруды қам­­тамасыз ету.

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында күнделікті өмір­дің ең көкейкесті деген сала­ла­ры­на назар аудара отырып, ел дамуының неғұрлым маңыз­ды бағыттарын ашып көрсе­теді. Мұның өзі мемлекет тара­пы­нан қабылданып отыр­ған бар­лық шаралардың қазақ­стан­дық­тардың әл-ауқатын жақ­сар­туға, еліміздің экономикасын, әлеу­меттік саланы дамытуға бағыт­талғанын тағы да айғақтап отыр.

Қазақстандық индустрия жаңа технология­ны енгізудің бас­таушысы болуы тиіс. Бізге бұған өндірістік пр­о­цес­терді цифрландыру және за­ма­науи бизнес-модельдерді иге­ру арқылы еңбек өнімділігін арт­тыру есебінен қол жеткізуге болады.

Банк жүйесін сауықтыру, агроөнер­кәсіп кешенін, көлік және логистикалық инфра­құры­лым­ды дамыту есебінен қаржы сек­торының жұмысын көбейтуге бай­ланысты мәсе­лелер де күн тәр­тібінде тұр.

Заң үстемдігін нығайту және сы­байлас жемқорлықпен күрес­ке қатысты жайларға да ерек­ше назар аударылады. Осыған байла­нысты Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарда олар­дың тұрғындармен және бизнес­пен өзара әрекетін, сондай-ақ сот және құқық қорғау жүйе­лері­­нің институционалдық қай­та құ­ры­лымын қамти отырып, процес­терді цифрландыру­ды қажеттілік деп санайды. 

Президенттің кезекті Жол­дауы елімізді одан әрі жаң­ғыр­тудың маңызды ынталандырушысы болып табылады, сондай-ақ әрбір қазақстандық үшін іс-әрекетке басшылық ретін­де қыз­мет етеді. 

Марат ТАҒЫМОВ,
Парламент Сенатының депутаты