Аймақтар • 22 Қаңтар, 2018

Қазақстанның алты облысында жол жабылды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның алты облысында жол жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазавтожол» РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның алты облысында жол жабылды

Астанада 21.01 күні сағат 21:00-ден бастап ауа райының күрт бұзылуына байланысты (қатты аяз) барлық бағыттар бойынша дизельмен жүретін және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Ақмола облысында 21.01 күні сағат 21:00-ден бастап күн суытуына байланысты (қатты аяз) барлық бағыттар бойынша дизельмен жүретін және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.

ШҚО-да  21.01 күні сағат 16:00-ден бастап аяз күшеюіне байланысты «Семей қаласы - Павлодар облысының шекарасы» жол учаскесіне  (577-733 шақырым)  дизельмен жүретін және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Қарағанда облысында 21.01 күні сағат 21:00-ден бастап ауа райының күрт бұзылуына байланысты (қатты аяз) «Теміртау қаласы - Ақмола облысының шекарасы» жол учаскесі (1353-1424 шықырым) дизельмен жүретін және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Қостанай облысында 21.01 күні сағат 09:00-ден бастап ауа райының күрт бұзылуына байланысты (қатты аяз) барлық бағыттар бойынша дизельмен жүретін және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Павлодар облысында 21.01 күні сағат 16:00-ден бастап аяздың күшеюіне байланысты барлық бағыттар бойынша дизельмен жүретін және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.

СҚО-да 21.01 күні сағат 21:00-ден бастап ауа райының күрт бұзылуына байланысты (қатты аяз) барлық бағыттар бойынша дизельмен жүретін және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.