Қазақстан • 23 Қаңтар, 2018

Отан қорғаушыларды тәрбиелеудің озық үлгісі

497 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Биыл Қарулы Күштердің тәрбиешілері институтының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Бұл құрылым Қазақстан Президентінің 1993 жылдың 19 қаңтарындағы №1084 Жарлығымен Қарулы Күштер командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институты ретінде жасақталған болатын.

Отан қорғаушыларды тәрбиелеудің озық үлгісі

Тәрбие жұмысын жақсарту, әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, әскери қызмет­шілер­дің және олардың отбасы мү­ше­лерінің әлеуметтік-құқық­тық қорғанысы үшін жауап­кер­шілікті көтеру мақсатында құрыл­ған бұл құрылым бүгінде жеке құрамды оқыту мен пат­риоттық тәрбиелеу жүйесінде маңызды орынға ие. Армия­дағы өткізілетін тәрбие жұмысы­­ның сапасы мен деңгейіне әр­қа­­шан да қатаң талаптар қойы­лып келеді. Өйткені тәрбие жұмысы ор­гандарын құру Қарулы Күш­тердің қалыптасу дәуірінің ажырамас бөлігі.

Құрылған сәттен бастап тәр­бие құрылымдарының офи­церлері командирлермен және штабтармен бірлесе өздері­нің мақсатты қызметімен әскери ұжымдарды біріктіруге, әскери қыз­мет­тің беделі мен имиджін ны­­­ғай­туға бағытталған мін­дет­терді іске асыру саласында ауқым­ды жұмыстар атқарды. Тәр­бие­ші-офицерлер бүгінгі күнде ақпараттық-тәрбие, идео­ло­гия­лық, мәдени-демалыс, бұ­қара­лық-спорттық және әске­ри-әлеуметтік жұмыс жүйесі арқылы жауынгерлік жарысты ұйымдастыруға және әскери ұжымдарды жұмылдыруға белсене атсалысады. Әрине, Қарулы Күштердің қалыптасуы мен дамуының ең қиын кезең­дерінде қызметті тас­тап кетпеген аса құрметті арда­гер­леріміздің есімі ерекше атап өтуге лайық. Олар­дың қата­рында нағыз генералдар мен офицерлер, адал патриоттар, өз ісінің хас шеберлері бар. Мәселен, генерал Айтқали Есенғұлов, Марат Нағұманов, Владимир Бондаренко, полковник Мэлс Шампиев, Қайыржан Байжігітов, Гали Габдуллин, Қазбек Мамсұров, Бастими Дүй­сембаев, Болат Нәзіров, Аман­гелді Ыбыраев, Серікқан Қайырқанов сынды еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлкен үлес қосқан ардагерлер. Генарал-лейтенант Мұрат Жәлелұлы Майкеев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚК Бас штабының басшысы ретінде осы лекті жалғастырып келеді.

Бүгінгі таңда патриотизм өл­шем­дері жалпыұлттық міндет­тер қатарында. Сондық­тан да тәрбие құрылымдары офи­цер­лері­нің басты міндеттерінің бірі – жеке құрамға Елбасы­ның «Рухани жаңғыру» бағдар­лама­сын түсіндіру болып табылады.

Сонымен қатар биылғы Жол­дауында Мемлекет басшы­сы біздің қоғамның идеалы өз тарихын, тілін, мәдениетін білетін, алдыңғы қатарлы және жаһандық көзқарасы бар қазақ­стандық болуы тиіс екенін атап өтті.

Осы орайда бүгінгі күні Қару­лы Күштерде тәрбие және идеологиялық жұмыс ор­ган­дары құры­лымы құ­рыл­ды. Олардың мәр­те­бесі жоғарылады, Қарулы Күш­тер­дің барлық түрлерінде, өңір­лік қолбасшылықтарда бас қол­басшылардың және қол­бас­шылардың тиісті орынбасарлары басқаратын тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармалары, бөлімдері қыз­мет атқарады. Қарулы Күштер­де психологиялық және әлеумет­тік жұмысты жақсарту, әскери бөлімдер мен мекемелерде әс­кери тәртіп пен құқық тәртібін қам­тамасыз ету үшін әскери бөлімдер мен батальондардың психологі лауазымы енгізілді. Сол сияқты идеологиялық жұ­мыс белсенділігін арттыру мен армия ортасына сыңаржақ идея­л­арды кіргізбеу жөніндегі жұ­мысты ұйымдастыру үшін идео­ло­гиялық жұмыс және арнайы насихат жөніндегі офицерлер лауазымы тағайындалды.

Бүгінде тәрбие жұмысы ор­ган­дарының өзекті мәселе­лері­нің бірі әскери қызмет­шілер­дің отбасыларында моральдық-өнеге жағдайын құру болып та­бы­лады. Ол же­ке құрамның міндеттерді орын­­­дауына әсер ететіні сөзсіз. Осы­ған байланысты Қорғаныс ми­нистрі, генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың бастамасы бойынша әскери басқару орган­дарында, әскери бөлімдерде әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жөніндегі лауа­зым (әйелдер кеңесі), ардагерлермен жұмыс жасау жөнінде бөлім енгізілді, әскери бөлімдер мен мекемелерде алғашқы ардагерлер ұйымы құрылды. Мұ­ның бәрі де әртүрлі мәселе­лер­ді бірлесе шешу арқы­лы ұр­пақ­­тардың сабақтасты­ғын қам­­та­ма­сыз етеді, онсыз Қару­­лы Күштердің одан әрі дамуын елестету қиын. Әскери-патриоттық тәрбиелеудегі бай тәжірибенің қайнар көзі ре­тін­де ардагерлеріміз әскери ұжым­дардың қоғамдық өміріне белсенді қатысуда.

Сонымен қатар тәрбие жұ­мы­сы органдары қызметінің басым бағыттарының бірі әске­ри қызметшілер мен өскелең ұрпақты «Мәңгілік ел» жалпы­ұлт­тық идеясы рухында тәрбие­леу болып табылады.

Жастар ұйымдары, әскери-патриоттық клубтардың қыз­метін үйлестіру мақсатын­да Ұлт­тық әскери-патриоттық орта­­лықтың базасында бар­лық өңірлердегі филиалдары­мен еліміздегі әскери-патриоттық қозғалыстың орталық органы болған «Жас сарбаз» рес­пуб­­ликалық балалар мен жас­­өспірімдер әскери-пат­риот­тық қозғалысы құрылды. Бү­гін­де ұйым қарамағын­дағы клуб­тар­дың саны 2 828 дейін өсті, ал балаларды қамтуы 73 164-ке жетті және әскери бө­лім­дер жанында 150 клуб құ­ры­­лып, оның аясында 4 361 бала қамтылды. «Жас сарбаз» қозғалысы басқа мемлекеттік органдармен және қоғамдық қозғалыстармен бірлесе рес­пуб­лика ауқымында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша 130-дан астам түрлі іс-шара ұйымдастырды. Сондай-ақ мектептерде патриоттық тәр­бие беру ісін ұйымдастыру желісі кеңейтілді. Осылайша, әскери-патриоттық клубтардың әрбір төртінші тәрбиеленушісі өз өмірін әскермен байланыстырады деуге негіз бар. Көрсетілген іс-шаралар әскери ұжымдар­да моральдық-психология­лық жағ­дайды сауықтыруға, әскер­ге дейінгі жастарды әскери-пат­риоттық тәрбиелеуге себепші болды.

Мұхамеджан ТАЛАСОВ,
Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор