Қожықовтың тұңғыш туындысы

Таяуда телеарналардың бірінде берілген хабарда қазақ кино өнерінде жарқ етіп, көзден жалт болған таланттар қатарында Бағаш Нашарбекованың аты аталды. Осы есім құлақты елең еткізіп, бала кезіміздегі мына оқиғаны ойға оралтты...

Егемен Қазақстан
24.01.2018 1317

Шамасы өткен дәуір бел ортасының соңғы жылғы жазы болар, Нұра бойындағы алақандай ауылымыз аяқ астынан дуылдасып қалды. Айлар аралатып, аудан жақтан кино әкеліп, көрсетіліп тұрушы еді. Ол әрдайым аңсаулы күн болғанмен, бұл жолғы жұрт қызығушылығы бөлек. Онда ауылдас қыз ойнай­тындығынан құлақтанған көпшілік үй­лерінен орындықтарын, төсеніштерін қол­тықтай келіп, ашық алаңқай алдына таласып-тармасып жай­ғасып жатты.

Ымырт үйіріліп, күн ұясына батып, кешкі шаруа жайланған соң жы­пырлаған жұлдыздар астында күткен ки­но да бас­­талды. Астық қамбасының қотыр-қотыр қабырғасына ілінген ақ жаймаға «жан» бітіп, кинолентасынан қызылдар мен ақтар соғысынан оралған жігіттің сүйкімді бойжеткенмен жүздесуі көрініс бергенде, «Қараңдар, қараңдар, Бағаштың дәл өзі. Пай, пай, ән салар ма екен! Әншілігі де әсем ғой шіркін. Нашарбек ата, Әсия әже, сүйінші, сүйінші!» деген дауыстар түнгі ауылды дүр көтерді.

Міне, сонау уақыттан ұмытылмай келе жатқан осынау жайды еске түсі­руге және сеп болып отырған – сол фильмнің, яғни «Біз Жетісуданбыз» филь­мінің түсірілу сәтінен сақталған мына суреттер. Олардан картинада­ бас­ты кейіпкер Нартайды ойнаған Кенебай Қожабековтің көше бұ­зық­тары кесірінен мертікпеген, атқа секі­ріп мініп шайқасатын жалынды жас, ғашығы Райхан рөліндегі Ба­ғаш На­шарбекованың ажары атқан таң­дай перизат шағы, ақтар офицерін бей­нелеуші Құрманбек Жандарбековтің кемел кезі елестесе, жеке фотодан бал­ғын Бағаштың мөлдіреген тана жанарымен астасқан көрікті келбеті көз алдыңа келеді. 1958 жылы экранға шық­қан бұл фильм жас режиссер Сұлтан Қожы­қовтың тұңғыш туындысы болатын.
Кейін «Қыз Жібекті» мәңгілік еткен ұлттық кино өнері көрнекті суреткерінің алғашқы фильміне түсушілердің бірі Бағаш Нашарбекованың Қарағандыда тұратынын білдік. Онда ізі қалған, үміт күтілген, алайда одан соң көрермендер көзіне көрінбей кеткен аяулы арудың өмір жолы қалай қалыптасты екен деп ойлайтынбыз. Бар ғұмырын сүйікті ісі ұстаздыққа арнап, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп, айналасына мейірім шуағы ескен асыл әже көрінеді бүгін.

– Алдында «Ботакөз» фильмінде Бота­көзді ойнау үшін сынақтық бай­қау­ға шақырылған едім. Қарағанды педагогикалық институтында оқуымда көркемөнерпаздар үйірмесінде, 1957 жы­лы Мәскеуде өткен студенттер мен жастардың Бүкілдүниежүзілік фести­валінде ән шырқап, би билеп көзге тү­суім киношылар назарына іліксе керек, «Орталық Қазақстан» газетіндегі журналист нағашы ағам Қойшы Шаяхметов: «Сені «Қазақфильм» киностудиясынан іздестіріп жатыр. Бірнеше суретіңді алып кетті. Алматыға тез жет!», деген хабар жеткізді бірде. Дереу ауылға барып, әке-шешемнің рұқсатын сұрап, енді қайтар бетте боран соғып кетіп, сынаққа қаты­суға кешігіп қалдым. Алайда жолым сәтсіз болмады. «Ботакөздің» ізін ала «Біз Жетісуданбыз» түсірілуде екен. Оны қоюшы режиссер Сұлтан Қожықов Рай­хан рөліне бірден бекітті», деп сыр ашып, ыстық шақты сағынышпен еске ал­ған Бағаш апаның көңілі босап, көзіне жас келді.

Ол кезде киноға өскелең өнер ретін­де үлкен мән берілетіні белгілі. Әр туын­дының жетістігі мен кемшілігі назардан тыс қалмайтын. Саланың жанашыры әрі білгірі Әбіш Кекілбаевтан бастап бірқатар өнертанушылар фильмге тәуір баға беріпті. Негізгі рөлді кейіптеген Б.Нашарбекова қадамы үлкен үміт тудыруы туралы пікірлер білдіріліпті.

Алғашқы фильмнен-ақ талабы мен та­лан­ты бірдей танылған болашақ көр­нек­ті режиссердің «Бағашжан, Райхан рө­лін ал да жұлдызыңды жарқы­ратар сын­ға сана. «Қыз Жібек» жыры желісі бо­йынша көркем фильм қою ойымда бар. Сәтін салса Жібекті ойнауға ша­қы­рамын»,  дейтіні бәрінен артық баға ретінде есте. 

Әттең, адамның арман-мақсаты орын­дала берген бе? Үлкен өнерге өрлеуге үмітті өмір жолының өзгеруі үзеді. Ел ішін қимай ата-ана, сүйгені көңіліне қарайлау, тұрмыс құрып, нәресте сүйіп, Нұра, Ақсу-Аюлы, Қа­­рағанды мектептерінде ұзақ жыл ұс­таздық ету еңбек бақытына ұласады. Әйтсе де уақыт шіркін желдей есіп, желпіп өткенмен Қожықовтың өзі Жібекке көздеуі қалай ұмытылсын? Айықпаған тәтті мұң жүрек елжіретеді екен әлі...

Қарағандылық әйелдер арасынан киноға тұңғыш түскенін біреулер білсе, біреулер білмейтін жан турасында беймәлім бір сыр осындай. Отандық кино өнерінде өзіндік орны бар фильмге биыл 60 жыл толуына орай көрермендерге таныстырылып, табыс­тырылып жатса жөн-ақ. 

Айқын НЕСІПБАЙ

Қарағанды
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2018

Астана қаласы әкімінің халықпен дәстүрлі есептік кездесуі өтеді

19.02.2018

«Қазақконцерт» ұйымының жаңа басшысы тағайындалды

19.02.2018

Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатысты заң жобасы қаралды

19.02.2018

Сенаттың баспасөз қызметінің жетекшісі ауысты

19.02.2018

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

19.02.2018

Алматы облысында «Әдебиет – руханияттың діңгегі» атты әдеби жобаның тұсаукесері өтті

19.02.2018

Айнұр Әбдірәсілқызы: Мемлекет үшін заңнама – қастерлінің қастерлісі

19.02.2018

Алмас Батанов ҚР ИДМ комитет төрағасы болып тағайындалды

19.02.2018

Түрік, Корей фирмалары Қазақстанда құны $470 миллион болатын айналма жол салады

19.02.2018

Алматыда БҰҰ-ның Қазақстандағы Кеңсесінің 25 жылдығы аталып өтті

19.02.2018

82 жастағы қарияның әңгімесі: Әдемі қартаюдың үш сыры

19.02.2018

Сыртқы істер министрі Алматыда БАҚ басшыларымен кездесті

19.02.2018

«Қаракемер» балалар театрында «Алдаркөсенің сиқырлы дүрбісі» миниспектаклі қойылды

19.02.2018

Ғасыр жасаған Еңбек Ері – Мәрзия Ибрагимова

19.02.2018

Қайран, Рахымжаным!

19.02.2018

Қысқы олимпиада: Үміт оты сөнер емес

19.02.2018

Жекешелендірудің түйткілді тұсы көп

19.02.2018

Цифрлық теңсіздікті жою – уақыт талабы

19.02.2018

Апатты үйлердің тұрғындары баспанасыз қалмауы тиіс

19.02.2018

Ауаның ластануы алаңдатып отыр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әлеуметтік әділеттілік жолы

Енді ғана тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысындағы өзінің алғашқы баян­дамасында « МӘМС жүйесін енгізуді бастау үшін үстіміздегі жылы толық­қанды дайындық жұмыстары қам­тамасыз етілетін болады» деп атап көр­сетті. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық қауіп арта бастады

Жақында АҚШ өзінің жаңа ядро­лық стратегиясын жариялады. Он­да қандай қауіп болған жағдайда Пента­гонның аждаһа қаруға жүгіне­тіні нақты айтылған. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Пассионар

Гумилев анықтамасына жүгін­сек,­ пассионарлық – жұлдыздардың әсе­рімен, табиғат пен тарихаттың қи­лы­ дүмпулерімен қайталанып тұра­тын­ заңды құбылыс. Пассио­нарлар бой­­­ларында тасыған күш-қуат­ты, жү­рек­теріндегі жалын жі­гер­ді айнала тө­ңірегін, келе-келе күллі қауым-жұр­тын өзгерту ора­йын­дағы мақсатты жұ­мысқа жұм­сайды. Олай болса, пассио­нарларды қоғамдық қозғалыстың не­ғұрлым белсенді тегершіктері, жа­ңа­шылдар, жасампаздар десек те жа­раса­ды.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Айтушың қандай, ағайын?

«Айтушы ақылды болса, тыңдау­шы дана болады» дейді халық ма­қа­лы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үл­кен ұлағат жатқанына шек кел­ті­ру­дің өзі күнә. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Блокчейн: сый мен сын

Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде блокчейн технологиясын са­лық жинау жүйесінде қолдануды құп­таған болатын. Бұл – бүкіл әлем­ге сыйы мен сынын қоса әкеле жат­қан төртінші өнеркәсіптік рево­лю­цияның бір жаңалығы.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу