Бизнес • 25 Қаңтар, 2018

Отандық өнімді ілгерілету керек

875 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын жариялаған сәтте біздер – Парламент депутаттары ел өңірлерін аралап, жұртшылықпен кездесулер өткізіп жүрген едік. 

Отандық өнімді ілгерілету керек

Солтүстік Қазақстан облысы­ның тұрғындары Мемлекет бас­шы­­сының жаңа Жолдауын ықыласпен қабылдады. Жұрт­шылықпен кездесу барысында он негізгі міндет аясында өн­д­іріс үдерістерін сандық негізге кө­ші­ру арқылы индустрияландыруды өрістету, білім беруді жаңа си­патта дамыту, қаржы секторын қайта қалыптастыру, көлік-логистика инфрақұрылымының тиім­ділігін арттыру, сыбайлас жем­қор­лықпен күрес және тиімді мем­ле­кеттік басқару мәселелері сөз болды. 

Мемлекеттің әлеуметтік мін­дет­темелерді толық көлем­­­де орын­дайтынын, азамат­тары­мыз­дың әл-ауқатын одан әрі арттыру ба­ғы­тын­дағы бастамаларды ауыл тұрғын­дары ризашылықпен қа­был­­дады. 1 қаңтардан бас­тап ын­ты­мақты зейнетақы 8 пайызға өсті, ал шілдеден бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланыс­ты орташа алғанда 1,8 есе ұлғая­ды. Президент одан басқа, І топ­тағы мүгедек бала­лардың күтімі үшін олар­дың ата-аналарына 1 шіл­де­ден бастап мемлекеттік қо­сым­ша жәрдемақы енгізуді тапсырды. Бұл өте қажетті қолдау болып табылады. 

Мектеп мұғалімдері де еңбек­а­қы­ны көтеру туралы шешімді қуа­на қабылдады. 1 қаңтардан бастап маз­мұны жаңарған оқу материалдарына көшетін мұғалімдердің лауа­зымдық еңбек­ақысы 30 пайыз­ға ұлғаяды және қарқынды дамып келе жатқан экономиканың ар­қа­сын­да мемлекетте оған жете­тін қаржы бар. 

Ауыл еңбеккерлері Жолдауда агроө­неркәсіп кешені ел экономи­ка­сы­ның драйвері ретінде атап өтіл­генін, бұл сала алдына үлкен мін­деттер қойылғанын атап өтті. Бұл ауыл шаруашылығы өнім­дері­нің экспортын ұлғайту үшін қа­жыр­лы еңбек етіп жатқан жергі­лікті өнім өндірушілерге қанат бітіреді. 

Ольга ПЕРЕПЕЧИНА, 
Парламент Сенатының депутаты