Жеңіс Қасымбек: Тұрғын үй құрылысында тоқтау болмайды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2017-2031 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы әзірленген болатын. Жалпы, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2031 жылға дейін 1,5 млн адам баспанаға қол жеткізетін болады. Олардың 500 мыңнан астамы таяу бес жылдың ішінде пәтер алады деп жоспарланған. 

Егемен Қазақстан
26.01.2018 5407

Аталған бағдарлама аясында жеке тұрғын үй құрылысына 10 сотықтан 664 000 жер телімі берілуі тиіс. Ел азаматтары Қазақстан ипотекалық компаниясы мен Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 35 000 арендалы баспана, 280 000 несиелік үй алады. 521 000 коммерциялық тұрғын үй ипотека бойынша беріледі. Бұл алдағы уақытта іске асырылуы тиіс нақты меже. «Нұрлы жер» бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері тура бір жыл уақыт өтті. Осы аралықта қандай іс тындырылды, қанша баспана ел игілігіне берілді, биылғы жоспарлар қандай деген сұрақтарға жауап алу үшін Инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕКПЕН әңгімелескен едік.

– Жеңіс Махмұдұлы, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдар­ла­ма­сының аяқ алысы туралы айтып бер­сеңіз. 2017 жылдың қорытындысы қан­дай?

– Сұрағыңызға рахмет. Жалпы, рес­пуб­ликалық деңгейде айтатын болсақ, бағ­дарламаның аяқ алысы жақсы деген қо­рытынды жасауға болады. Оған өткен жылдың нәтижелері дәлел бола алады. Әрине тиісті жоспарды то­лық орындай алмаған облыстар да бар. Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жоспарлы межені толық жүзеге асыра алмаған облыс басшыларына сын айтты. Олар алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермейді деп ойлаймын. Өйткені Үкімет басшысы бұл бағдарламаға салғырт қарамау керектігін ескертті. Ал енді 2017 жылдың қорытындысына тоқталар болсам, былтыр тұрғын үй құрылысына 979,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл 2016 жылы тартылған инвестиция деңгейінен 18%-ға жоғары. Атап айтқанда, жеке инвестициялардың үлесі 825,8 млрд теңгені, мемлекеттік инвестиция 154 млрд теңгені құрады. Нақты көрсеткішке келсек, былтыр 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Негізгі жоспар бойынша 10,1 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруіміз керек болатын. Яғни жоспар артығымен орындалды. Салыстырмалы түрде қарастырсақ, 2016 жылдың деңгейінен 6,2%-ға артық. Барлығы 100,8 мың баспана салынды. Оның ішінде жеке сектор есебінен 75,8 мың пәтер, мемлекеттік инвестиция есебінен 25 мың пәтер салынып тапсырылды. Тағы бір айта кетер жайт, былтыр салынған 100,8 мың баспананың 27,9 мыңы жеке үйлер, қалған 72,9 мыңы көп қабатты үйлердегі пәтерлер.

– Бағдарлама бойынша жақсы көрсеткішке жеткен өңірлерді атап өтсеңіз.

– Қай салада болсын жақсы көрсет­кішке қол жеткізуге болады. Дегенмен қолбайлау болатын себептер де аз емес. Бұған бір адамды немесе бір ұжымды кінәлауға болмас. Өйткені бұл кешенді жұмыс. Қалай десек те, даму, өрлеу көрсеткіштері басым. Мысалы, тұрғын үйлерді пайдалануға беру тұрғысынан алдыңғы қатарда Астана (2,4 млн шаршы метр) мен Алматы (1,9 млн шаршы метр) қалалары, Маңғыстау (833 мың шаршы метр) мен Ақтөбе (792,3 мың шаршы метр) облыстары келеді. Ал Батыс Қазақстан (42,4 %), Оңтүстік Қазақстан (36,2 %), Қостанай (35,9 %) және Павлодар (31,2 %) облыстарының да тұрғын үйлерді пайдалануға беру жағынан айтарлықтай жетістікке жетіп отырғанын көруге болады. Яғни бұрынғы жылдарға қарағанда, барлық облыстар тұрғын үй құрылысы саласының дамуына белсенді түрде атсалысып келеді. Осы тұста тағы бір қоса кететін жайт, ол өңірлердегі тұрғын үй құрылысы аудандарына қажетті инфрақұрылым тарту үшін 77,3 млрд теңге бөлінді. Оның 76,9 млрд теңгесі игерілді. Тек үш облыста ғана шамалы игерілмеген қаржы бар. Оның да жұмыс жүргізу кестесінен кешігу сияқты бірқатар себептері бар. Алдағы уақытта аз-кем кемшіліктер түзеліп, тиісті межені бағындырамыз деген сенім мол. 

– Енді бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша атқарылған нәтижелі жұмыстарға тоқталсаңыз. 

– Бағдарлама бес бағыттан тұратынын жақсы білесіздер. Әр бағыттың өз ерекшелігі бар. Мәселен, бірінші бағыт «Халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй салу» деп аталады. Бұл бағытқа жыл сайын республикалық бюджеттен 25 млрд теңге бөлінеді және ол қаржы өңірлерге 1,5 миллиард теңгеден тең таратылады. Осы бағыт аясында 2017 жылы өңірлерде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 5391 пәтердің, яғни 288,7 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы бас­талып, 2 620 пәтер пайдалануға берілді. Биыл бағдарламаның осы бағыты бо­йынша 184,5 мың шаршы метр болатын тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл шамамен 3507 пәтер болады. 

Ал екінші бағыт «Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» деп аталады. Бұл бағыт бойынша 70 мыңнан аса жер учаскесіне инженерлік коммуникация тартылды. Қанатқақты жоба бойынша 6 өңірде 1975 үйдің құрылысы басталды. Биыл ол үйлердің құрылысы толық аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Ал 2017 жылдың қорытындысы бойынша 164 үй пайдалануға берілді. Оның 124-і Ақтөбе облысының, 40 үй Қостанай облысының үлесінде. 

Бағдарламаның үшінші бағыты «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй салу» деп аталады. Бұл бағыт бойынша жергілікті атқарушы органдар 9010 пәтерді пайдалануға берді. Биыл өңірлерде 134,5 млрд теңгеге 1,1 млн шаршы метр (18 779 пәтер) тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде «Бәйтерек» ҰБХ» және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамдарынан алынып, қайта бөлінген 43,1 млрд теңге қаржы бар. «Бәйтерек девелопмент» АҚ 7207 пәтерді тапсырды. Бұл шамамен 278,2 мың шаршы метр тұрғын үй. Негізі 6570 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған болатын. Яғни жоспар артығымен орындалды.

Төртінші бағыт «Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру» деп аталады. Бағдарламаның бұл бағыты 2017 жылдың 2-тоқсанынан бастап іске асырылып жатыр. Жылдық жоспарға орай жеке құрылыс салушыларды 15 млрд теңге қаржымен субсидиялау мәселесі бойынша әкімдіктердің қарамағындағы өңірлік үйлестіруші кеңестер жалпы сомасы 38,9 млрд теңге болатын 29 жобаны субсидиялау туралы шешімді мақұлдады. Мұның жалпы көлемі 450 мың шаршы метр. Биыл оның 50 мың шаршы метрін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау көрсеткіштері толық көлемде орындалды.

Бесінші бағыт «Ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру» деп аталады. Бұл бағыт бойынша да қолға алынған жұмыстар мен алға қойылған жоспарлар жетерлік. Мәселен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ екінші деңгейлі банктердің 16%-ға дейін беретін ипотекасының жылдық 6%-дық мөлшерлемесін субсидиялайды. Осылайша ипотекамен үй алатындардың ипотекалық ставкасы жылдық 10%-дан аспайтын болады. Бағдарламаның бұл бағыты да 2017 жылдың 2-тоқсанынан бастап іске асырылуда. Бұл бағыт іске аса бастаған сәттен бері 14,2 млрд теңге сомасында субсидияланған қарыз алуға ниет білдірген 1388 өтініш қабылданып, оның ішінен 1317 өтініш мақұлданды. Бүгінгі таңда «Банк Центр Кредит», «Сбербанк», «АТФ Банк», «Банк ВТБ» сияқты 4 банк бағдарламаға белсенді түрде атсалысып жатқанын атап өткен жөн деп ойлаймын. Жалпы, негізгі бес бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың көрсеткіштері осындай. 

– Жеңіс Махмұдұлы, тұрғын үй құрылысына заманауи технологияларды енгізу мәселесі де көтерілген еді. Құрылыс саласын осы тұрғыда жетілдірудің қандай жоспарлары бар?

– Сұрағыңыз өте орынды. Біз қай салада болсын озық технологияны пайдалануға тиіспіз. Өркениеттен, дамудан қалмауымыз керек. Қазіргі уақытта ғылым дамып, небір ұтымды әрі энергияны үнемдеудің жолдарын қамтитын түрлі жетістіктер бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи технологияларды қолданумен, оларды интеллектуалдық басқару жүйелерімен жабдықтаумен бірге салынатын тұрғын үйлердің сапасына талаптар артатын болады. Саннан сапаға мән беретін уақыт келді. Дамыған елдердің үлгілерін пайдалану арқылы құрылыстың сапасын арттырамыз және халықтың жайлы өмір сүруін қамтамасыз етеміз. Біз ескірген құрылыс нормалары мен ережелерінің орнына еуро-кодтарды, құрылыс саласына ақпараттық үлгілеу технологияларын (BIM-технологиялар) енгізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Оның жемісін көретін күн де алыс емес. 

Алдағы 15 жылда 1,5 млн отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жос­пар­ланғанын жақсы білесіздер. Мемле­кет басшысының Жолдауында жүк­телген міндеттерге сәйкес, 2030 жылы бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін 30 шаршы метрге дейін жеткізу қажет. Ол үшін құрылыс көлемін жыл сайын 8-10%-ға арттыруымыз керек. Осы аталған ауқымды істерді уақытында орындау жолында атқарар жұмыс аз емес және оған мемлекеттің де, сала мамандарының да әлеуеті жетеді. 

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен
Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

23.02.2018

Банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы қазақстандықтарға үндеу жариялады

23.02.2018

Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

23.02.2018

Жылда 500-ден астам жол апаты автобус жүргізушілерінің кінәсінен болады - ІІМ

23.02.2018

Мати Алавер: Полторанин медаль медаль алмаса жалақымның бір тиынын қалдырмай қайтарып беремін

23.02.2018

Алматыда Әлемдік экономика және саясат институты алаңында сарапшылар кездесуі өтті

23.02.2018

Элизабет Тұрсынбаева Кореядағы Олимпиадада 12-орын алды

23.02.2018

Сарайшық ескерткіштерін ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алынады - Арыстанбек Мұхамедиұлы

23.02.2018

Дәулетжан Махмұт. Портрет

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу