Қазақстан • 26 Қаңтар, 2018

Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесті

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті, деп хабарлады Елшіліктің баспасөз қызметі. 

Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесті

"Мәскеуде ТМД елдерінің елшілерін қабылдау дәстүрлі шарасы аясында Сергей Лавров Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті. Онда 2017 жылдың қорытындысы шығарылып, өзара серіктестікті арттырудың алдағы жоспары талқыланды", делінген хабарламада. 

Сонымен қатар кездесу барысында ТМД-дағы интеграциялық процестерді дамыту мәселесі де талқыланды.