«ВАЗ-21705» автокөлігінің жүргізушісі Амман көшесімен келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай «Toyota Runner» маркалы автокөлікпен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» көлігінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Ал сол көліктегі тағы бір жолаушы ауруханада жан үзді. «ВАЗ» бен «Toyota Runner» көліктерінің жүргізушілері әр түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі.
Аталған оқиға сотқа дейінші тергеу амалдарының бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 345-бабы бойынша тіркелді.