Қысқы спорт • 27 Қаңтар, 2018

Қазақстан Қысқы Олимпиадаға 57 жолдама жеңіп алды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төртжылдықтың басты додасы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы 57 жолдамаға ие болды. Бұл туралы ҚР Спорт комитетінің баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.

Қазақстан Қысқы Олимпиадаға 57 жолдама жеңіп алды

Бүгін Қазақстан Ұлттық құрамасының Олимпиадаға жеңіп алған жолдамалар саны толығымен анықталды. Қазіргі уақытта құрама еншісінде 57 жолдама бар. Олар биатлоннан - 10, мәнерлеп сырғанау - 3, шорт-трек - 12, конькимен сырғанау - 12, шаңғы жарысы - 7, фристайл-могул-4, фристайл-акробатика-5, тау шаңғы спорты-2, трамплиннен секіру-1, шаңғы спорты -1. Алғашқы болып Олимпиада қалашығына биатлонистер кіреді.

Естеріңізге сала кетсек, ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтеді. Оған 95 мемлекеттен 2 900 спортшы мен ресми өкілдер қатысады деп жоспарлануда.