Аймақтар • 27 Қаңтар, 2018

Алматыдағы алапат өрт ауыздықталды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының Өтеген Батыр көшесі Grand Park маңында болған алапат өрт ауыздықталды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабалады.

Алматыдағы алапат өрт ауыздықталды

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тілсіз жау түскі  16:30-да ауыздықталды.

«Қоймада мотор майларының тұтануы салдарынан аймақты қою қара түтін басты. Өртті сөндіруге ол да кедергеі болды. Тілсіз жау көпіріктің көмегімен ауыздықталды. Өрт сөндірушілер жалынның жапсарлас қоймаларды шарпуының алдын алды. Соның арқасында тез тұтанатын заттарға өрт тиген жоқ», - деді ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.